Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тағы бір сүннеті ғылыми ортада мойындалды
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тағы бір сүннеті ғылыми ортада мойындалды
9 жыл бұрын 7746

Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өсиетіне сай адам оң қырымен жатады. Ғалымдар адам осылай жатқанда оның ағзасына пайдалы болатынын анықтады. Нақтырақ айтқанда, адам оң бүйірімен жататын болса, оның миы күні бойы жиналған улы заттардан тазарады. Яғни, осылай ұйықтаған адам миының улы заттардан тазару тиімділігі он есе артады. Сондай-ақ, глифматикалық жүйесі (мидың қан тамырларының айналасында шоғырланған түтікшелер кешені) белсенді жұмыс істейтін болады. АҚШ-та жарық көретін «Тhe Journal of Neuroscience» басылымында америкалық ғалымдар жазғандай, адам миының улы заттардан тазару қарқыны оның қалай жатқанына байланысты. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, магниттік-резонанстық томографияның көмегімен үш қалыпта, атап айтқанда, шалқасынан, қырынан және етпетінен жатқанда адамның глифматикалық жүйесінде арқа миы сұйықтығының қалай айналатынын қадағалаған. Осынау тәжірибені жүргізгендердің бірі Елена Беневисте зерттеу нәтижесін жария етті: «Анализ көрсеткендей, жануар бір қырынан жатқанда ғана глифматикалық жүйедегі сұйықтық айналымы әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие болды».  Бұл жаңалық өз кезегінде ақыл кемістігі, Альцгеймер секілді ауруларды емдеуде қолданылатын болады. 

0 пікір
Мұрағат