Өзгеше иістердің организмде майдың жиналуын тоқтататынына немесе майдың жиналуына әсер ететіні белгілі болды
Өзгеше иістердің организмде майдың жиналуын тоқтататынына немесе майдың жиналуына әсер ететіні белгілі болды
5 жыл бұрын 2622 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар организмде майдың жиналуы мен иіс сезудің арасында байланыс барын анықтады. Дәлірегі, Хьюстон қаласындағы Baylor's Huffington Center ғылыми-зерттеу мекемесінің ғалымдарының тұжырымынша, иіс сезу қабілеті метаболизмге (организмдегі зат алмасу процесіне) тікелей әсер етеді. Бұл өз кезегінде организмде майдың жиналуына әсер етеді. Десе де олар тағам рационының бұл процеске еш қатысы жоғын алға тарта келіп, иіс сезу мен организмде майдың жиналуы арасындағы байланыстың табиғатын аша алмай жатқандарын жеткізді. Ғалымдар бұл бағытта C. Elegans құрт түріне тәжірибе жүргізіп көрген екен. Аталған құртта бар-жоғы үш жұп иіске жауапты нейрон бар, сол себепті, олардың әрбіреуінен өтетін сигналдарды нақты қадағалау қиындық тудырмайды. Бұған қоса, құрттар көптеген иістерді қабылдай бермейді, бұл ерекшелік те зерттеуге септігін тигізеді. Салыстыру үшін алсақ, адамда мұндай 10-120 млн жұп нейрон бар. Ал арнайы жаттығудан өткен маман жекелеген 30 мыңға дейін иісті ажырата алады. Осы орайда ғалымдар иіс нейрондарының қызметін қадағалау, организмде майдың жиналу тетігіне бақылау орнататын нейроэндокринді жолдар мен жекелеген жүйке тізбегінен өтетін сигналдарды тексеру үшін оптогенді жарық стимуляциясын пайдаланған болатын. Осының арқасында олар түрлі иіске байланысты аталған жүйелердің қызметіндегі өзгерістерді қадағалап, зерделеуге қол жеткізді.  Яғни, Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан індет ретінде танылған семіздікпен күресте бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының көкейтестілігі мен маңыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта зерттеуді жалғастыруды көздеп отыр.

C. elegans

C. elegans құрты. Сары пиксел тінде майдың көп жиналғанын көрсетеді 

0 пікір
Мұрағат