Өздігінен үйренетін компьютерлік чип жасалды
Өздігінен үйренетін компьютерлік чип жасалды
2 күн бұрын 482 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Сканерлейтін электрон микроскоппен (ТМС) түсірілген сурет, 32×32 селекторсыз жоғары қауіпсіз мемристорлық массивпен жабдықталған микросхема (сол жақта). Нақты уақыт режимінде жасанды зердені енгізуге арналған аппараттық жүйе (оң жақта). Дереккөз: Nature Electronics (2025). DOI: 10.1038/с41928-024-01318-6

Корейдің алдыңғы қатарлы технологиялар институтының (KAIST) ғалымдары өз бетінше үйренуге қабілетті әрі нақты уақыт аралығында қатені түзете алатын мемристорлар (ағылшысы memory — жады, resistor — электрлі қарсылық. Мемристорлар өздері арқылы зарядтың қаншалықты өткеніне байланысты қарсылығын өзгерте алады; бұл ерекшелік оларды ақпаратты сақтауға және нейронды желілерді моделдеуге өте пайдалы етеді) негізінде нейроморфты чип жасады. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам миының қызметін имитациялайтын бұл чип ақпаратты сақтап қоймай, өңдей алады. Яғни, қолданыстағы жүйелерден тиімді. Аталмыш технология смарт-камералар мен медициналық құралдар сияқты түрлі құрылғыларда жасанды зерде қосымшаларының жылдамдығын, қауіпсіздігін және энергия тиімділігін арттыра отырып, ақпаратты жергілікті жерде (локалды түрде) өңдеуге мүмкіндік береді. Технологияның (мемристордың) басты ерекшелігі —нейронды желілердегі синапстарды алмастыратын жаңа буынды жартылай өткізгіш құрылғыны қолданады. Осы шешімнің арқасында деректерді өңдеу және сақтау функциясы ми жасушаларының жұмысын мимикалай (қайталай) отырып, бір мезгілде іске асады. Аталмыш технологияны ойлап тапқан Хақшон Шон және Сынжы Хан есімді KAIST ғалымдарының айтуынща, бұл жүйе жинақы жұмыс кеңістігін еске түсіреді – қолсозым жерден қажетті нәрсені табуға болатын кеңістік секілді. Бұл жүйеде керек нәрсеңді іздеп картотека мен үстелдер арасында сабылып әуреге түспейсің. Мұндай чип видеодағы қозғалу үстіндегі нысандарды тануды өз бетінше үйренеді, оларды айналасындағылардын оқшауулай бөліп алып тануға негізделген, уақыт өте келе бұл процестің тиімділігі артады. Бұл баағыттағы зерттеу барысында құрылғы жұмысының дәлдігі бейнелерді нақты уақытта өңдеу кезінде мінсіз компьютерлік симуляциялар деңгейіне жетті. Жаңа технология күрделі деректерді өңдеу кезінде әдеттегі компьютерлік жүйелерге тән олқылықты еңсеруге көмектеседі – жасанды зерде функциясын ішінара пайдаланып, қашықтағы бұлтты серверлерді пайдаланбай орындауға мүмкіндік береді. Бұл деректерді өңдеуді айтарлықтай жеделдетеді, түрлі құрылғылардың құпиялылығы мен энергия тиімділігінің деңгейін арттырады. Бұл технология күмән тудыратын әрекетті жедел тануға арналған «ақылды» бейнебақылау камераларында, пациенттің денсаулығына қатысты деректерді нақты уақыт аралығында талдауға арналған медициналық құрылғыларда, сондай-ақ, робот, дрон, т.б. секілді жасанды зердемен жабдықталған түрлі құүрылғыларда пайдалануға болады. Энергия үнемдейтін тиімділігініңарқасында чипті смартфондарда да қолдануға болады.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6