Өздігінен жанып кететін кітапты оқып үлгеру үшін бір тәулік уақытыңыз бар
|
Кітап оқуды зеріктіретін іс деп қабылдайтын адамдардың көзқарасын өзгертетін мына жаңалыққа қалай қарайсыз? Америкалық жазушы Джеймс Паттерсонның жаңа кітабын тұп-тура бір тәуліктің ішінде, яғни, артық-кемі жоқ 24 сағаттың ішінде оқып үлгеруіңіз керек. Әйтпесе, кітап 24 сағаттан кейін өздігінен жойылады. Шытырман оқиғалы Private Vegas романы оқырманды жылдам оқуға ынталандырады. Түрлі тәсілмен. Аталмыш кітаптың сандық нұсқасының алғашқы 1000 көшірмесі мобилді құрылғыңыздан немесе компьютеріңізден бәр тәулік өткеннен кейін жоғалып кетеді, ал оның әр беті парақтағаннан кейін жоғалады. Ең қызығы алда.
Тек 1 данамен басылған қағаз жүзіндегісі нағыз жарылғыш затпен жабдықталған. Оқырмен кітаптың бетін ашқан сәттен бастап есептелетін уақыт бойынша 24 сағаттың ішінде оны қайткенде де оқып бітіруіңізге тура келеді. Кітап сандық таймермен жабдықталған – оқырман уақытты біліп отыруы үшін. Бұл кітаптың жалғыз данасы 294 038 доллар тұрады. Кітаптың бұл бағасына алаңсыз кітап оқуға мүмкіндік беретін қымбат қонақ үйдің де ақысы кірген.
Сондай-ақ, роман авторы тұратын қалаға ұшып барып-қайту, онымен кітаптан алған әсеріңізді бөлісу үшін бірге дастархан басында отырып, ішіп-жейтін тағамыңыздың ақысы да кірген. Ас мәзірінде бес түрлі тағамнан ауыз тиюге болады.