Өз салмағынан миллион есе салмаққа төтеп бере алатын таракан-робот жасалды (видео)
Өз салмағынан миллион есе салмаққа төтеп бере алатын таракан-робот жасалды (видео)
5 жыл бұрын 2715 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық және қытай инженерлері төтенше жағдай орын алғанда, мәселен, зілзала зардаптарын жою кезінде іздестіру және құтқару жұмыстарына көмегін тигізетін шағын робот жасап шығарды. Бұл робот өзінің салмағынан миллион есе салмаққа төтеп бере алады. Ғалымдар осылайша небір қиын жерлерден саңылау тауып кете алатын әрі қандай да бір ауыр салмаққа жаншылып қалмайтын тараканның ерекшелігін басты назарда ұстап, табиғатқа еліктей отырып, адамзатқа пайдалы құрылғы ойлап тапты. Робот-таракан жеткілікті дәрежеде қатты әрі химиялық инертті полимерлік материалдан, дәлірегі, поливинилиденфторидтен жасалды. Әлсіз ток соққан жағдайда материал өз пішінін өзгерте алады. Бір қызығы, робот құрылымы өте қарапайым – бар-жоғы «аяғы» бар пластинка, электр әсерінен иіліп-бүгілетін. Бұл ерекшелік робот құрылымындағы өте жіңішке ток өткізгішке байланысты. Ұзындығы 10 миллиметрге ғана жететін ол секундына өзінің 20 дене тұрқындай қашықтыққа дейін жылжи алады. Ылдидан өрге қарай жерде, дәлірегі, 7,5° өрлі жерге секундына 7 дене тұрқындай алатын қашықтыққа дейін қозғала алады.

0 пікір
Мұрағат