От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Боулдер қаласындағы Колорадо университетінің физиктері ғимараттарды жылыту әдіс-тәсіліне деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін және болашақтың сәулеті мен жоғары технологиялық қосымшалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ерекше материал әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар MOCHI деп аталатын микропоралы силикон гелін - мезопорлы оптикалық мөлдір жылу оқшаулағышты жұртшылық назарына ұсынып отыр. Айрықша материал толық дерлік мөлдір, отқа төзімді және жылуды өте жақсы ұстайды. Бір қарағанда, MOCHI жұқа әрі мөлдір пленкаға ұқсайды, алайда, үлкейтілгенде оның  адам түгінен жұқа көптеген микропоралардан тұратынын көруге болады. Осы қуыс құрылымдардағы ауа көпіршіктері жылуды ұстап, оның жоғалуына жол бермейді. Ең бастысы, MOCHI жарықты таратпайды: материал түсетін жарықтың тек 0,2% -ын ғана көрсетеді және шамамен 90% ауадан тұрады, мөлдір күйінде қалады. Бұл тараптағы тәжірибелердің бірінде зерттеушілер суық терезеге MOCHI материалын қолданып көрген екен, нәтижесінде жоғары энергия тиімділігін қамтамасыз ете отырып, оның шамамен 95% жылуын тежеп ұстайтыны, яғни, жылу шығығына жол бермейтінін анықтады. Ғалымдарды мұндай материалды әзірлеуге ғимараттардың энергияны шектен тыс тұтынатыны себеп болған. Статистикалық дерек бойынша күллі әлемдегі ғимараттар дүниежүзіндегі энергияның шамамен 40%-ын тұтынады. Бұған бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Соның ішінде жылу шығыны мен желдету шығыны да бар. Бұл материалды иек терезеде ғана емес, сонымен қатар, ықшамды палаткаларда, киімде, жылыжайда, т.б. пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат