Осыдан 4 ай бұрын ерекше бұзау дүниеге келді. Несімен ерекше?
Осыдан 4 ай бұрын ерекше бұзау дүниеге келді. Несімен ерекше?
4 жыл бұрын 18922 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2020 жылдың сәуір айында Дэвис қаласындағы Калифорния университетінде Космо деген атау берілген айрықша бұзау дүниеге келген еді. Ол несімен ерекше дегенге тоқталсақ, ұрық кезінде ғалымдар оның генін редакциялаған болатын. Мұндағы мақсат бұзау бұқа болғанда одан тек еркек бұзаулар ғана төлдейтіндей етуге саяды. Ғалымдар өзгеріс енгізу үшін генді редакциялайтын CRISPR аспабын пайдаланып, SRY деп аталатын генді кіріктірген еді. Аталған ген бірыңғай еркек жануардың пайда болуына ықпал етеді. Негізінде SRY гені Х-хромосомасына енгізілуі тиіс: ондай жағдайда Космо тек 100 пайыз еркек бұзауларды төлдететін болады. Алайда, әзірге бұл мүмкін емес. Сол себепті, америкалық ғалымдар 17 хромосоманы іріктеп алуға тура келді. Нәтижесінде Космодан еркек бұзаулардың төлдеу ықтималдығы 75 пайызды құрады. Ал әдеттегі бұқада бұл көрсеткіш 50%-дан аспайды. «Космодан бұл генді (SRY) мұра етіп алатын ұрпағы Y-хромосомасына ие болғанына қарамастан бірыңғай еркек бұзау төлдейді деп үміттеніп отырмыз»,- деді аталмыш зерттеу авторы Алисон Ван Эненнам. Ғалымдарға тек бірыңғай еркек бұзауларды төлдейтін жануар не үшін керек болды? Мәселе сонда – олар жемді әдеттегіден 15 пайызға артық салмаққа айналдыра алады. Нәтижесінде фермерлер аз шығынмен әдеттегіден көбірек ет алуға қол жеткізеді. Бұдан бөлек, мұның экологиялық аспектісі де маңызды: ет үшін мал басын көбейтудің қажеті болмайды.

0 пікір
Мұрағат