Осы заманғы медицинадағы «кереметтер»
|
Мәселен, 150 метр биіктіктен құлаған адамның аман қалу мүмкіндігі 1 пайыздан аспайды, 99,9 пайыз жағдайда өлуі мүмкін. Алайда, осыған қарамастан мұндай жағдайдың миллионнан бірі аман қалуы әбден мүмкін екен. Мұндай жағдайлар медицинада «кереметтер» санатына кіреді.
Темір мына суреттегі адамның басын тесіп, бет сүйегінен бір-ақ шыққан.
19-шы ғасырда болған бұл жағдайда Финеас Гежаның (Phineas Gage) аман қалуы да осындай креметтердің қатарына жатқызылып келеді. 1848 жылы ол теміржол құрылысында жұмыс істеген. Жарылыс болып, 1 метрден асатын темір басын тесіп, бет сүйегі жағынан бір-ақ шыққан. Дәрігерлер темірді алып тастады, алайда, пациенттің темір зақымдаған беті жансызданып қалды.
4 ай бойы жүрексіз өмір сүрді
14 жастағы Д'Жанны Симмонс (D'Zhana Simmons) жүрегінде ақау болып, донор қондыру отасын қажет етті. Өкінішке қарай, донорлық жүрек ағзаға бейімделе алмағандықтан оны алып тастауға тура келді. Ол осылайша 4 ай бойы жүрексіз өмір сүрген. Жүректің орнына жасанды қан айдайтын екі сорғы орнатылды. 118 күннен кейін оған екінші рет жүрек қондыру отасы жасалып, сәтті аяқталды.
Басынан «айырылса» да аман қалды
2007 жылдың қаңтар айында Шэннон Мэллой (Shannon Malloy) автокөлік апатына түсіп, нәтижесінде бас сүйегі омыртқадан ажыратылды. Бір тәуірі, омыртқаға зақым келмеген. Алайда, әйел басын сезбейтінін есінде сақтап қалған. Мұдай жарақат «іштей басынан айырылу» деп аталады. Емханада оның басы мен мойнын сегіз винтпен бекітіп тастады.
Егіздер аман қалды
Шэннон және Майк Гимбел (Shannon, Mike Gimbel) есімді ерлі-зайыптылар сыңары аман қалуы үшін егіздердің бірін өлтіру керектігін айтқанда естерінен танып қала жаздаған еді. Егіздердің бойынан «фето-феталды трансфузия» синдромы анықталған болатын. Яғни, қан айдайтын тамыр бірігіп кеткен. Осындай синдроммен екеуін де тірі қалдыратын болса, олардың өлу мүмкіндігі 90 пайызды құрайтындықтан аман қалуы екіталай еді. Егіздердің ата-анасы олардың әлсізінен айырылуға көндігіп те қойған болатын. Алайда, дәрігерлер лазердің көмегімен оларды біріктіріп тұрған қан айдайтын тамырды күйдіріп жіберді. Егіз қыздар аман қалды әрі екі айдан кейін дүниеге келді.
150 метр биіктіктен құлап, аман қалды
2007 жылы терезе жуушы Алсиедес Морено (Alciedes Moreno) 47 қабаттан құлады, оның бауыры да құлап, тіл тартпай кетті. Оған 16 рет ота жасалды, жарты жылдан кейін аяғынан тік тұрып, ешкімнің көмегінсіз өзі жүріп-тұратын болды.
Көзінің көру қабілеті тістің көмегімен қалпына келе бастады
Құрылысшы Мартин Джонс (Martin Jones) жазатайым оқиғадан кейін 12 жыл бойы зағип болып қалды. Жанарына өзгеше ота жасалып, қайта көру бақытына ие болды. Оның тісін жұлып, оны лиза ретінде пайдаланған. Тісті көзіне қойған, оң жақ көзінің көру қабілеті қалпына келіп қана қоймай, сау көзден артық көрмесе, кем көрмейтін болды.
Денесінің жартысын кесіп тастаған
Жүк көлігінің астына түсіп қалған қытай Пенг Шулиннің (Peng Shulin) 1995 жылы денесінің жартысын кесіп тастады. Қалған денесінің бөлігі 66 сантиметрді құрайды.
Оған бірнеше рет ота жасалды. Бет терісінен алып, денесінің кесілген жеріне жамады. Ол протезбен жүруді үйренді.
Алла пәле жазбайды, Адам азбайынша» (Мәуләнә Ж.Руми).