Осы жылдың ең үздік ғылыми видеосы таңдалды
Осы жылдың ең үздік ғылыми видеосы таңдалды
2 жыл бұрын 1866 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл айдың тууын симуляциялайтын (жалған бейнелеу, имитация) көрініс болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дарем университетінің Есептік космология институтының ғалымдары суперкомпьютер көмегімен танымдық бейне жасады. Phys.org сайт мамандары өтіп бара жатқан жылдың үздік ғылыми бейнеролигін таңдады. Онда Жердің табиғи серігінің пайда болуының егжей-тегжейлі нұсқаларының бірі көрсетілген. Бұл бейне ашық бастапқы коды SWIFT суперкомпьютерімен үлгіленген жүздеген моделдеулерге негізделген. Ол Айдың 4,5 миллиард жыл бұрын жас Жердің Марс өлшеміндегі Теия деп аталатын объектімен соқтығысуы нәтижесінде пайда болғанын көрсетті. Айдың көп бөлігі соққыдан кейін бірден балқытылған массадан пайда болды. Дәл осындай соққы жаңа туған Айды Жер орбитасына алып шықты. Мұның бәрі 2022 жылғы ең жақсы ғылыми бейнеде қалай көрінетінін тамашалаңыз:

0 пікір
Мұрағат