Өсімдіктің жүйкесі жоқ, соған қарамастан жанасқанда реакция танытады (видео)
Өсімдіктің жүйкесі жоқ, соған қарамастан жанасқанда реакция танытады (видео)
2 жыл бұрын 1068 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жүйкесі жоқ өсімдіктің өзі жанасуды сезетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Plants мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уашингтон мемлекеттік университетінің ғалымдары бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: жекелеген өсімдік жасушалары басқа өсімдік жасушаларына кальций сигналдарының баяу толқындарын жіберу арқылы өте жұқа шыны таяқшаның жанасуына жауап берді. Қысым босатылған кезде олар әлдеқайда жылдам толқындар жіберді. Ғалымдар өсімдіктердің жанасуға жауап бере алатынын бұрыннан білсе де бұл тараптағы зерттеу нәтижесі олардың жасушалары жанасу басталған және аяқталған кезде түрлі сигналдар жіберетінін көрсетті. Зерттеу аясында ғалымдар су кресі мен темекі өсімдіктерін пайдаланып, 12 өсімдікке 84 тәжірибе сериясын жүргізген. Олар салыстырмалы түрде жаңа технология болып табылатын кальция сенсорларын қосу үшін арнайы шығарылған. Биологтар жанасу күші мен ұзақтығына байланысты көптеген күрделі реакцияларды байқай отырып, жанасу мен оның соңы арасындағы айырмашылықтың айқын болатынына нахар аударға екен.

0 пікір
Мұрағат