Өсімдіктер желінбесі үшін иісін өзгерте алатын қабілетке ие
Өсімдіктер желінбесі үшін иісін өзгерте алатын қабілетке ие
5 жыл бұрын 4115 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропа мен Солтүстік Американың халықаралық ғалымдар тобы ит тұмсығы батпайтын тропикалық ну жыныс ормандарда өсетін өсімдіктердің өздерін тауып алмауы үшін әрі жем болудан қорғану мақсатында химиялық иісін өзгертуге қабілетті екеніне көз жеткізген. Бұл бағыттағы зерттеу дерегі Science мерзімді басылымында жарияланды. 

Ғалымдар осы мақсатта Мексиканың батыс жағалауында орын тепкен Chamela-Cuixmala  - тропикалық орман қорығындағы жәндіктердің 20 түрін және өсімдіктердің де осынша түрін зерделеген екен. Кейбір өсімдіктердің шөп қоректілерден қорғану үшін олардың «тәбеті тартпайтындей» етіп иісін өзгерте алатынын анықтады. Британияның королдік ботаника бағының ғалымы, профессор Фил Стивенсон крменилік түткіше арқылы ондаған гүлдің химиялық иістерін сараптай келе өсімдіктер бөлетін химиялық заттардың бәрі белгілі бір ақпаратты қамтитынын алға тартып отыр. Өсімдіктердің осылайша химиялық жасырынуында бұл ақпараттардың маңызды рөл ойнайтынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат