Өсімдік қалдығы мен көмірқышқыл газынан биопластик жасалды
Өсімдік қалдығы мен көмірқышқыл газынан биопластик жасалды
3 ай бұрын 1235 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар улы, дәлірегі, тіршілік иелеріне де, қоршаған ортаға қауіпті изоцианаттардың орнына өсімдік жасушаларынан лигнин мен көмірқышқыл газын пайдалана отырып, жоғары сапалы полиуретан алудың амалын тапты. Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материал әдеттегі полимердің барлық қасиеттеріне ие. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Sustainable Chemistry & Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Флорида штаты университетінің зерттеушілері өсімдік қалдықтарынан полиуретан өндіру әдісін ұсынды. Бірегей технология бойынша ғалымдар уытты химикаттарды пайдаланбастан жоғары сапалы полимер әзірлеудің тәсілін ойлап тапты. Әдеттегі полиуретан белсенділігі жоғары, қауіпті қосылыстар - изоцианаттар негізінде өндіріледі. Ұсынылған әдiсте бұл уытты компоненттердi өсiмдiк жасушаларының қабырғаларынан жасалған лигнин - табиғи полимермен және көмiр қышқыл газымен алмастырылған. Лигнин - целлюлозадан кейінгі таралуы жаағынан екінші орында тұрған табиғи полимер және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жанама өнімі. Жыл сайын әлемде шамамен 70 млн тонна техникалық лигнин пайда болады, оның көп бөлігі тиімсіз пайдаланылады немесе энергия алу үшін жағылады. Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын, яғни, қоршаған ортаны ластамайтын материал кәдімгі пластиктен кем түспейді: өте берік, ыстыққа төзімді. Полиуретан жылуды реттеу қабілетінің, өңдеу кезіндегі икемділігінің және дайын өнімнің беріктігінің арқасында түрлі салаларда қолданылады. Материал эластомерлер, жабындылар, желімдер және композиттік материалдар, т.б. өндірісінде қолданылады

0 пікір
Мұрағат