Өсімдік көмегімен судағы микропластикті жоюдың әдісі табылды
Өсімдік көмегімен судағы микропластикті жоюдың әдісі табылды
3 жыл бұрын 1393 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бамия (анықтамасы төменде берілген – ред.) деп аталатын өсімдік пен өзге де шырышты өсімдіктер экстракты кермек және тұшшы судағы қауіпті микропластикті жоя алатын қасиетке ие. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде америкалық химия қауымдастығына жөн сілтеген acs.digitellinc.com ақпарат көзіне слтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта денсаулыққа зиянды синтетикалық химикаттан гөрі өсімдіктен алынатын химиялық затпен микропластикті жоюды алдына мақсат еткен болатын. Тарлтон университетінің білікті маманы Ражан Шриниуасан  мен оның әріптестері супермаркеттен сатып алынған бамия, алоэ, кактус, фенугрек, тамаринд және псиллиум сығындыларының әртүрлі микропластикпен ластанған суларда қалай әрекет ететінін зерттеп көрген екен. Қанша бөлшектер жойылғанын анықтау үшін микроскопиялық кескіндерге дейін тексеріп, кейін салыстыру үшін көмірсулардың бір тізбегі мен олардың комбинацияларын сынап көрді. Олар фенугрекпен жұптастырылған бамия полисахаридтерінің мұхит суынан микропластиктерді жоятынын, ал тамариндпен жұптасқан бамия полисахаридтерінің тұшшы суды тазартуда жақсы нәтиже беретініне көз жеткізген болатын. Ғалымдар бұл бағытта өсімдік полисахаридтерінің химиялық қауіпті зат болып табылатын полиакриламидтен де жақсы жұмыс істейді деген қорытындыға келді. Америкалық ғалымдар өздерінің бұл жаңалығын таза әрі қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етуде қолданып көрмек. Ол ол ма, бамиядан және басқа өсімдіктерден алынған шырыш тоқыма өнеркәсібінен болатын судағы, тіпті, микроорганизмдердегі ластаушы заттарды жоятын болып шықты.

santoryo.net дерек көзінен:

Бамия жапырақтары жүрек тәрізді және үш-бес лобты. Гүлдер ортасы қызғылт сары түсті. Жеміс немесе қабық түбі түкті, ұзындығы 10–25 см (4–10 дюйм) (ергежейлі сорттарды қоспағанда) тарылтылған 10 бұрышты капсула, оның құрамында көптеген сопақша қара түсті тұқымдар бар.

Сол сияқты, бамияның пішіні қандай?

Бамия ұзартылған, шам тәрізді көкөністе өседі. Бұл бұлдыр, жасыл, қырлы, талшықты бүршік. Оның ұзындығы әдетте екі-төрт дюйм, бірақ ұзындығы он төрт дюймге дейін өсуі мүмкін. Қиындық бойынша ашық кесілген кезде, оның ұсақ тұқымдарының қатарлары және шырышты немесе жабысқақ құрылымы бар.

Сонымен қатар, бамия жергілікті атауы қандай? Abelmoschus esculentus

Сонда бамия қай өсімдік тұқымдасына жатады?

Маллоу

Бамия неден жасалған?

Бамия , Abelmoschus esculentus (L.) Moench (Hibiscus esculentus L.), Malvaceae тұқымдасы, қалың, шырышты қабық жасайтын сағыздан тұратын және сорпалар мен бұқтырылған тағамдарды қоюлату үшін және көкөніс ретінде пайдаланылатын жетілмеген бүршіктері үшін өсіріледі.  

0 пікір
Мұрағат