Организмнің өзінде бауыр ағзасын өсірудің жолы табылды
Организмнің өзінде бауыр ағзасын өсірудің жолы табылды
2 жыл бұрын 1543 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

LyGenesis компаниясының мамандары кеміргіштерге арнайы тәжірибе жүргізіп, зақымдалған ағзасының орнын толтыру үшін олардың организімінде жаңа бауыр өсірудің амалын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы MIT Technology Review ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мұндай ерекше жетістікке жаңа технология арқасында қол жеткізді. Ендігі жерде науқастар ағза қондыру (трансплантация) отасынсыз емделе алатын мүмкіндікке ие болады. Сондай-ақ, биомедицинада тыңнан түрен салған бұл әдіс донорлық ағзаларды ұтымды пайдалануға ықпал етеді - бір бауырды 75 трансплантацияға бөлуге болады. Аталмыш бірегей жобаға Питтсбург университетінің патология профессоры Ерік Лагас жетекшілік етеді, ол көп уақытын бауыр ауруларын емдеудің жасушалық әдістерін зерттеуге арнаған. Бұл тараптағы зерттеуге иттерді де тартқан. Белгілі болғандай, белгілі бір уақыттан соң бауырдың дамуы тоқтайтын болып шықты. Сондай-ақ, жаңа ағза өскен лимфа түйіні уақыт өте келе жоғалатыны де белгілі болып отыр. LyGenesis компаниясы жаңа технологияны бауыр ауруының соңғы сатысында тұрған, яғни, ауруы асқынған 12 ересек адамға қолданып көрмек. Бұл науқастар трансплантациялық отаны көтере алмайды. Зерттеушілер алғашқы еріктілерді тауып үлгерді.

0 пікір
Мұрағат