Организмнің жасырын энергия көзі анықталды
Организмнің жасырын энергия көзі анықталды
2 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарындағы Хьюстон университеті мен Ратгер жоғарғы оқу орнының ғалымдары жасуша мембранасының ұсақ тербелістері маңызды биологиялық процестер үшін жеткілікті кернеу тудыруы мүмкін деген жаңа теорияны ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасуша қабырғалары, мембраналар ешқашан тыным таппайды. Олар жылу қозғалысына, кіріктірілген ақуыздардың жұмысына және энергияның ыдыратылуына (АТФ) байланысты үнемі ауытқып тұрады. Ғалымдардың болжамынша, бұл белсенді діріл флексоэлектрлік құбылыс арқылы жасушаның ішкі және сыртқы жағы арасындағы электр өрісін қалыптастыруға қабілетті келеді. Флексоэлектрлі құбылыс - материалдың біркелкі емес иілу кезінде кернеу тудыратын процесс. Есеп бойынша өздігінен өндірілетін кернеу нейрондардағы әсер ету әлеуетімен салыстырғанда 90 милливольтқа жетуі мүмкін. Тепе-теңдік сақталмайтын мембрананың тербелістері әлеуеттері бойынша айрықшаланады. Ал бұл процесс өз кезегінде иондарды (зарядталған бөлшектерді) мембраналар арқылы тасымалдауды жеңілдетеді және бағыттайды;  жасушалар арасындағы сигналдардың жылдамдығы мен үйлесіміне әсер етеді, бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің жұмысы үшін маңызды рөл атқарады;  Жасушаға ішкі процестерді басқарудың қосымша тетігімен қамтамасыз етеді, оның өз белсенділігінің энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Аталмыш жаңалық биологияда зор мәнге ие. 

0 пікір
Мұрағат