Организмдегі бос радикалдарды азайту әдісі табылды
Организмдегі бос радикалдарды азайту әдісі табылды
2 жыл бұрын 1918 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: Purity Products

Разумов атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінің (ПКУ) ғалымдары организмдегі бос радикалдарды азайтудың тың әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environmental Research and Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.   Организмдегі бос радикалдарды  азайтудың бұл тәсілі  аурулардың дамуын және ерте қартаюды тежеуге немесе баяулатуға көмектеседі. Бос радикалдар - қатерлі ісік, артрит, катаракта немесе жүрек-тамыр аурулары сияқты жұқпалы және дегенеративті ауруларға әкелетін жасушаны зақымдайтын атомдар немесе атомдар тобы. Олар көптеген химиялық реакциялардың нәтижесінде түзіледі, олардың арасында тотығу процестері де бар. Олармен күресу үшін, дәлірегі, бос радикалдарды жою үшін ас-ауқатпен бірге организмге енетін қосылыстардың массасын бағалау және есептеуге арналған модел жасалды. Моделдің нәтижесі осы бөлшектерді бейтараптандыру, яғни, залалсыздандыру үшін тұтынылатын қоректік заттарға қанша антиоксиданттарды енгізу керектігін көрсетеді. Науқасқа орташа есеппен құрғақ күйінде 260 граммнан 540 граммға дейін тағам компоненттері қажет екені анықталды. Жеке қажеттіліктерге байланысты тұтынылатын ксенобиотиктерді жою үшін 220-дан 260 миллиграмға дейін қосымша компоненттер немесе 11,5-13 грамм аминқышқылдары қажет.

0 пікір
Мұрағат