Оразаның жұқпалы індетті еңсеруге көмегі қандай
Оразаның жұқпалы індетті еңсеруге көмегі қандай
5 жыл бұрын 3878 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей қоғамында танымал «Рахмет, дәрігер» деп аталатын бағдарлама эфирінен белгілі дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников қасиетті Рамазан айына байланысты, дәлірегі, жұқпалы індет өршіп тұрғанда ораза ұстаудың денсаулыққа әсеріне қатысты ойымен бөлісті. «Тәжді тажал қатері кезінде ауыз бекіту иммнутитетті әлсіретеді» деген, тіпті, дәрігерлердің де аузымен айтылып жүрген біржақты әрі жаңсақ пікірге тойтарыс берді. Білікті дәрігердің айтуынша, тамаққа тойып алғанда емес, аш қарында ғана иммунитет нығаяды. Бұған қоса, ораза ұстаған жан тәулік бойы аш жүрмейді, белгілі бір уақыттан кейін ауызашар жасайды. «Мен маман дәрігермін әрі дінге жоқ адаммын. Қандай да бір наным-сенімге бұра тартпаймын да, өйткені, әкем – православ, ал анам – мұсылман отбасынан шыққан. Менің ойымша, ораза иммунитетті нығайтады. Өйткені, ораза рухты шыңдайды, ал иммунитет адамның рухы»,- деп ойымен бөлісті.

0 пікір
Мұрағат