Оқ өткізбейтін, атылған оқтың соққысын қайтаратын мата жасалды (видео)
|
Ресейдегі Костром мемлекеттік университетінің студенттері оқ өткізбейтін әрі атылған оқтың соққысын қайтаратын, яғни, соққының энергиясын сіңіріп алатын бронды мата ойлап тапты. Шағын зертханада аталмыш жоғарғы оқу орнының жас профессоры Александр Гречухин бастаған алты студент пен магистрант ойлап тапқан бұл мата салмағы бес есе ауыр бронопласты алмастыра алады. Бұл жайында islam.kz порталы тілінде хабар тарататын vesti.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Александр Гречухиннің айтуынша, мата құрылымында бірде-бір доғал участок жоқ. Осының арқасында оқтың соққысы тегіс алаңға жайылып кетеді. Негізінен баллистикалық қорғанысқа арналған. Үш өлшемді моделден мата құрылымын өздеріңіз де көре аласыздар. Жіптердің үш жүйесі өзара перпендикулярлы орналасқан. Олардың негізгі құпиясы тоқылу ерекшелігінде, дәлірегі, кезекпен тоқылуында жатыр. Бұл матаның мықтылығы өзге маталарға қарағанда 20%-ға артық. Бұл супермата қорғаныс саласында және өзге де өнеркәсіптік салаларда қолданылатын болады.
(ықшамдалып алынды – ред.)