Өлімге бастайтын қатері тым жоғары вирусқа қарсы екпе жасалды
Өлімге бастайтын қатері тым жоғары вирусқа қарсы екпе жасалды
2 жыл бұрын 1110 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының білікті мамандары Эбола тәрізді геморрагиялық қызбаны немесе безгекті тудыратын, өлімге әкелетін Марбург вирусына қарсы екпенің тәжірибелік нұсқасын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ChAd3-MARV вакцинасының бір ғана инъекциясы екпе салынғаннан кейін жеті күн ішінде қорғаныс иммунитетін құра алатынын атап өтті. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінен белгілі болғғандай, аталған екпе тек адамды ғана емес, сонымен қатар,  маймылдарды да баудай түсіретін Марбург вирусынан қорғайтын болып шықты. Аталмыш жануарларды бұл екпе бір жыл өтсе де вирус әсеріне ұшыраған кезде де қорғаған. Ол Марбург вирусының (MARV) гликопротеинін экспрессиялайтын аденовирустық вектордан тұрады. Ғалымдар, сондай-ақ, маймалдардың қан құрамынан антигенді – өзіндік ерекшелігі бар антиденені тауып анықтаған екен. ChAd3-MARV екпесі бірнеше мақсат үшін маңызды қадам ретінде қарастырылады - Марбург індетінің өршу қаупі бар аймақтарда және вирусты биотеррористер қолданған жағдайда қорғануда маңызды. Марбург вирусы адамдар арасында дене сұйықтықтары (қан, түкірік, сілекей, несеп) арқылы, тікелей байланыста болу арқылы, сондай-ақ, түрлі заттар арқылы тез таралады. Аталған вирустан адамның өлу қатері - 90%. 

factcheck.kz дерек көзінен қосымша мәлімет:

Вирус алғаш рет 1967 жылы бір уақытта Марбург пен Франкфуртте және Сербияның Белград қаласында анықталған. Аурудың тарауы Угандадан әкелінген африкалық жасыл маймылдарды (Cercopithecus aethiops) зертханада қолдануға байланысты болған. Содан кейін вирус түрлі елде бірнеше рет тіркелген.

Марбург Эбола вирусы сияқты, филовирустар тұқымдасы (Filoviridae). Бұл екі ауру әртүрлі вирустан туындаса да, клиникалық көріністері ұқсас. Екеуі де сирек кездеседі және өлімге алып келу көрсеткіші жоғары болуы мүмкін. Марбург вирусының табиғи тасымалдаушылары — Rousettus aegypti (Pteropodidae тұқымдас жеміспен қоректенетін жарқанаттар). Марбург Rousettus жарқанаттары өмір сүретін шахталарда немесе үңгірлерде ұзақ уақыт жүргеннен жұғуы мүмкін.

Ауру вирусты жұқтырған адамның қанымен, секрецияларымен, органдарымен немесе басқа да физиологиялық сұйықтықтарымен тікелей физикалық байланыс (терінің немесе шырышты қабықтың зақымдануы арқылы) нәтижесінде тарайды. 

0 пікір
Мұрағат