Ойламаған жерден холестериннің адам ағзасына тигізер пайдасы анықталды
Ойламаған жерден холестериннің адам ағзасына тигізер пайдасы анықталды
5 жыл бұрын 2840 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швециядағы Лунд және Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж жоғарғы оқу орындарының ғалымдары инсулин пайда болуына себеп болатын рецепторді белсендіретінін анықтады. Бұл бағыттағы ғылыми ізденіс пен зерттеу нәтижесі Molecular and Cellular Endocrinology мерзімді басылымында жарияланды. Өздеріңіз білесіздер, инсулиннің қан құрамындағы қанттың деңгейін реттейтінін. Оның пайда болуында ұйқы безінің астындағы бета-жасушасының беткі жағында орналасқан GPR183 рецепторі маңызды рөл ойнайды. Ал бұл рецептор бауыр істеп шығаратын холестерин метаболиттерінің бірімен байланысқан кезде белсенді әрекетке көшеді. Аталмыш зерттеу жетекшісі Альберт Салехидің айтуынша, ғалымдар бұл рецепторді белсендіру жолын тапса, холестерин деңгейі төмен адамдарда инуслин істеп шығаратын дәрі пайда болуы мүмкін. Осылай дей келе ол аталмыш жаңалықтың болашақта адамдардың асқа деген жоғары тәбетін төмендетуге қол жеткізуіне септігін тигізетінін айтты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда (ғалымның түсіндіруінше), холестерин деңгейі тым жоғары болса, осынау «өзіндік ерекшелігі бар метаболит» іске қосылып, нәтижесінде инсулиннің молынан бөлінуіне алып келмек. Ал бұл жайт өз кезегінде аштықты арттырып, артық салмақтың пайда болуына апарып соқтырмақ. Мұндағы мақсат рецептордің метаболитпен байланыстырушыны бұғаттау тәсілін табуға саяды.

0 пікір
Мұрағат