Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ой мен үрейдің организмнің қартаю процесіне жасуша деңгейінде әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның психологиялық жай-күйі оның биологиялық тұрғыдан қартаю жылдамдығымен байланысты екендігі белгілі болып отыр. Таяудағы бұл тараптағы зерттеу неәтижесі көрсеткендей, адамның мазасын ұдайы қашыратын ойлар мен үрей организмнің тозын жасуша деңгейінде тездететін болып шықты. Адамзат кәрілікті ғұмырының ұзақтығымен, дәлірегі, күнтізбелік жылдармен, яғни, өмір сүрген уақытымен байланыстырып, қатты қателеседі. Тіпті, бір жылғы түлектердің, яғни, құрдастардың өзі әрқалай қартаятыны осы сөзімізге дәлел бола алады. Ғалымдар әдетте адамның нақты жасын анықтау үшін эпигенетикалық әдіске жүгінеді: ДНҚ-ның метилдену деңгейін қоса алғанда гендер қызметіндеегі өзгерістерді талдауды ұйғаратын тәсіл турасында сөз болып отыр бұл арада. Нью-Йорк университетінің ғалымдары 726 әйелдіңң медициналық дерегіне сараптама жүргізе отырып қолға алған зерттеу нәтижесіне сәйкес уайым мен үрейге үнемі бой алдырған (ұдайы сигналдар) организмнің қабыну процесін күшейтіп, жасушаға әсер кеткен. Ұдайы сигналдар немесе созылмалы стресс организмді қонғаныс тетіктерін ұдайы іске қосуға мәжбүрлейді - салдары белгілі: жасушалар жойылып, биологиялық жасқа кері әсерін тигізіп, органзимнің тозу процесін тездетеді. 

0 пікір
Мұрағат