Обырмен күресуге арналған молекулалық ілмек жасалды
Обырмен күресуге арналған молекулалық ілмек жасалды
2 жыл бұрын 1236 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Akram Huseyn / Unsplash

Израилдік ғалымдар молекулярлық анкерленген иммундық жасушалардың қатерлі ісік түрлеріне қарамастан обыр жасушаларын анықтауда тиімдірек екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Biotechnology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Молекулалық ілмек - химерлі антигендік рецепторларға (CAR) негізделген иммундық терапияның модификациясы. Ол қатерлі ісі жасушаларын тану үшін қолданылады және белгілі бір антигендермен селективті (таңдап) байланысатын антидене фрагменттерін, сондай-ақ, иммундық жүйені белсендіретін домендерді біріктіретін ақуыз болып табылады. CAR иммундық жасушалардың бетіне қосылады – лейкемия (ақ қан) сияқты қатерлі ісіктерді емдеуде біршама табысқа жетті. Дәлірегі, ғалымдар иммундық жасушалардың ішіне CAR молекуласын «зәкірлеудің» әдісін тапты, бұл әдіс өз кезегінде жасушаларға қарапайым CAR-ға қарағанда оңай белсендіріліп, қатерлі ісіктерді тиімдірек жоюға мүмкіндік береді. Бекітілген CAR бірнеше ісік түрлеріне, соның ішінде өкпенің, сүйектің және мидың қатерлі ісігіне шалдыққан модел жануарлардың өмірін ұзартты. Ғалымдар қарапайым CAR соңында тек төрт қосымша амин қышқылын қосу арқылы молекулалық ілмек қосты. Бұл аминқышқылдары жасушаның ішкі құрылымына сигнал беруге және қосылуға атсалысатын Scribble протеинімен байланысады.

0 пікір
Мұрағат