|
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
|
Табиғи киллер деген атауға ие болған NK-жасушалар организмді вирустар мен қатерлі ісіктен қорғайы. Ғалымдар осы жасушаларды онкологиялық ауруларды емдеу үшін пайдалану жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда қытай ғалымдары NK-жасушаларын зертханада жаппай өсірудің ерекше тәсілін тапты. Табиғи киллер жасушалар организмдегі күмәнді жасушалардың қыр соңына түсіп, көзін жояды. Мұндай жасушалар обыр жасушаларын аныщтауы үшін ғалымдар оларды жасанды рецептормен (CAR) жабдықтаудың амалын ойлап тапты. Оосы жасанды рецептор көмегімен киллер жасушалар организмге зиянды жасушаларды белгісі бойынша таба алады. CAR-NK жасушаларын алу үшін зерттеушілерге шеткі немесе кіндік қаннан алынған табиғи киллер жасушалар қажет. Мұндай тәсіл күрделі және тиімсіз болғандықтан қытай ғалымдарыбасқа жолын, балама әдісін іздеді. Жетілген NK-жасушаларды түрлендірудің орнына зерттеушілер ерекше «гемопоэздік діңгекті жасушаларды» және кіндік қанынан алынған алдыңғы жасушаларды (ГСЖК) пайдаланған. Одан кейін зертханада NK-жасушалар мен CAR-iNK-жасушалар өсірілген. Ғалымдар CAR-iNK жасушаларын сынақтан өткізіп, лимфобласты лейкозы бар зертхана тышқандарына арнайы тәжірибе жүргізді. Сынақ барысында модификацияланған киллерлер қатерлі ісік жасушаларын тауып жойатыны анықталды. Ғалымдардың пікірінше, бұл тәсіл обырды емдеуге лайықты миллиондаған жасушаларды өндіруге мүмкіндік береді. Кіндік қанның бір үлгісінен он мыңдаған емдік доза алуға болады.