|
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
|
Өткен жылы (2025) химия саласынан әлемдегі ең беделді сыйлықты иеленген Оман Яги есімді ғалым адамзат бетпе-бет келген климат дағдарысына қарсы өз технологиясын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Іnteresting Еngineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрғақшылық жайлаған шалғай жерлерде пайдасын тигізетін оның технологиясы өнеркәсіптік деңгейде тиімділігін танытты. Көлемі теңіз контейнеріндей ғана болатын қондырғы тәулігіне ауадан 1000 литр су жинауға мүмкіндік береді. Тіпті, ауадағы ылғалдылық деңгейі төмен болса да, дәлірегі, ауа ылғалдылығы бар-жоғы 20 пайыздан аспаса да су жинай алады. Ең басты артықшылықтарының бірі - күн сәулесінің энергиясымен жұмыс істей береді. Омар өмір бойы зерттеп келген материалдың құпиясы - металл органикалық қаңқалар (ХОК). Бұл беткі жағының ішкі аумағы кеуекті кристалдардан тұратын айрықша материал: бірнеше грамының өзі футбол алаңын тұтас жаба алады. Олар молекулалық губка сияқты жұмыс істейді: ылғалды ауадан тартады, ал күн жылытқан кезде оны бу түрінде кері береді. Бу конденсацияланады – шық түзіледі. Бірегей жүйе электр қуатын өзінен тыс тұтынатын әдеттегі су генераторларынан айырмашылығы - сыртқы жағынан суытуды қажет етпейді. Энергия тек каркастар арқылы ауаны айдаушы желдеткіштер үшін ғана қажет. Қалған процесс дербес жүреді. Сынақ барысында нәр тамбайтын шөлді аймақта да таңқаларлық нәтиже көрсетті. Бұл технология суды тұшшыландыру қондырғысын алмастыру үшін әзірленбеген, бұл технология бірден таза су жинауға арналған. Бұл аппарат қосымша керек-жарақты қажет етпейді, ол үшін станса салудың да қажеті болмайды, қоршаған ортаға титтей әсері жоқ. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымының күллі әлем бойынша ауызсу тапшылығын тартып отырғандар қарасы екі млрд адамға жуықтап қалғаны турасында дерек таратқанын айта кетпекпіз. Иорданияның босқындар лагерінде өскен палестиналық бозбала судың жетіспеушілігінің қандай болатынын жақсы біледі. Омар өзінің Atoco компаниясы арқылы өз технологиясы негізінде жұмыс істейтін қондырғыларды жаппай шығаруға дайындалып жатыр. Омар Яги әлемдегі әйгілі химиктердің бірі. Ол 2024 жылы тұрақты даму саласындағы Танг сыйлығы, 2025 жылы фон Хиппел сыйлығы, 2018 жылы химия саласындағы Вольф сыйлығы және 2020 жылы тұрақты су пайдалану саласындағы Королдік химия қоғамының сыйлығы сияқты ондаған беделді марапаттарға ие болды. Ғалым ислам әлемінің де наградаларымен марапатталды. 2015 жылы ол молекулалық сәулетті зерттеуге қосқан елеулі үлесі үшін Корол Фейсал атындағы халықаралық ғылыми сыйлыққа ие болды. Сол жылы Омар Яги Мұстафа сыйлығының лауреаты атанды. Иран тағайындаған бұл награда Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің жетекші зерттеушілері мен ғалымдарына беріледі. Ал 2024 жылы ғалым шейх Мұхаммед ибн Рәшид әл Мақтұм тағайындаған «Ұлы араб ақыл-ойы» сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта Омар Яги Берклиде тұратын Америка құрама штаттарының азаматы. 2021 жылы ол Сауд Арабиясының азаматтығын алды және Ер-Риядтағы монарх Әбдіәзіз атындағы ғылым және технология орталығында экологиялық таза энергетикаға арналған наноматериалдар саласындағы озық тәжірибе орталығының тең жетекшісі.