Неміс ғалымдары тіршілік иелерінің денесін мөлдір етудің жолын тапты (видео)
Неміс ғалымдары тіршілік иелерінің денесін мөлдір етудің жолын тапты (видео)
2 жыл бұрын 1271 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мюнхен қаласындағы Гелмголц атындағы  институттың ғылыми қызметкерлері «wildDISCO» деп аталатын тіндер мен мүшелердің құрылымын 3D визуализациялаудың жаңа технологиясын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол биологиялық денелерді тура мағынасында мөлдір етеді - тіршілік иесінің іш құрылысын микроскопсыз тамагалауға мүмкіндік береді. Әзірге бұл тарапта тек өлі тышқандарға тәжірибе жүргізілуде, алайда, болашақта ғалымдар тірі адамдарға арналған нұсқасын жасауды көздеп отыр. wildDISCO жүйесі — дене құрылымын бөлшектеуді қажет етпейтін бейнелеу технологияларының табиғи эволюциясының көрінісі. Ғалымдар бұл тарапта барлық ағзаны, тамырды, жүйке шоғырларын және тіндердің өзара байланысты біртұтас жүйе ретінде көруге мүмкіндік беретін технологияны ұсынып отыр. Бұл технологияның артықшылығы сонда - дененің түрлі бөліктері арасындағы байланыстарды жақсырақ зерттеуге және олардың өзара әсерін түсінуге мүмкіндік береді - мысалы, организмді дерт меңдеген кезде. Аталмыш технология синтетикалық антиденелердің әртүрлі түрлерін қолдануға негізделген, мысалы, бета-циклодекстрин және иммуноглобулин G. Денені ұзақ уақыт емдеу кезінде олар жасуша мембранасындағы холестеринді ерітеді. Тіндер желе тәрізді болады - жұмсақ, мөлдір, тұтас, олар мұқият өңдеу кезінде фрагменттерге бөлінбейді. Ғалымдар тіндердің белгілі бір түрлерін жақсырақ көру үшін бірнеше антиденелерді таңдап алды. Антиденелерге пигменттерді қосқанда дененің құрамдас бөліктері түрлі түстермен боялған және оңай ажыратылатын кезде таңқаларлық сурет алынады. Неміс ғалымдары қазірдің өзінде 3D кескіндердің берік жиынтығын қалыптастырды, олардың негізінде виртуалды шындықтың үлгісін жасады.

Прозрачная мышь

Ұқсас материалдар:

«Зерттелетін тірі ағзаларды мөлдір етудің жылдам және оңай әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zertteletin-tiri-agzalardy-moldir-etudin-jyldam-jane-onai-adisi-tabyldy-video-17592/#gsc.tab=0);

«Ағашты шыныдан да мөлдір, мықты әрі жеңіл етудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/agashty-shynydan-da-moldir-myqty-ari-jenil-etudin-joly-tabyldy-video-14773/#gsc.tab=0);

«Жасанды материалды мөлдір немесе көрінбейтін етудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-materialdy-moldir-nemese-korinbeitin-etudin-joly-tabyldy-17066/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат