Нейропротез сынақтан өтіп жатыр (видео)
Нейропротез сынақтан өтіп жатыр (видео)
3 жыл бұрын 3920 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нейротамыр биоэлектроникасына маманданған америкалық Synchron компаниясы адамдарға Stentrode ми-компьютерінің интерфейсін немесе нейропротезді қолданып сынақтан өткізуда бастағандарын жария етті. Бұл бағыттағы алғашқы зерттеу оңды нәтиже көрсетіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сынаққа Тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық тұрғыдан қадағалау жөніндегі АҚШ басқармасы (FDA, Food and Drug Administration) ресми рұқсат етіп отыр.  Бүгінгі таңда сал ауруның ең ауыр түріне шалдыққан бірнеше науқасқа қолсыз компьютерді басқаруына мүмкіндік беретін сенсорды имплантациялады. Пациенттер қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерін өз бетінше орындай алатын деңгейге жеткен аталмыш технология көмегімен. Дәлірегі, мәтіндік хабарландыруды қарау және тиісті жеріне жөнелту, электронды поштамен жұмыс істеу, интернет арқылы сауда жасау секілді әрекеттерді ешкімнің көмегінсіз өзі орындай алатын болған. Stentrode интерфейсінің негізгі артықшылығы – миға ота жасалмайды. Stentrode ми-компьютерінің интерфейсі екі сағатқа созылатын отаның көмегімен пациенттің қан тамыры арқылы имплантацияланады. Нәтижесінде ми импульсі сымсыз режимде беріледі әрі компьютерді сенсорлық экрансыз, тінтуірсіз немесе клавиатурасыз басқаруға мүмкіндік береді. Stentrode имплантатының алғашқы партиясы үш-бес жыл ішінде саудаға шығарылады. Оған дейін оның адам денсаулығына жанама теріс әсерінің бар-жоғы тексеріледі, қауіпсіздігі сарапқа салынады. Synchron компаниясының өкілдері өздерінің YouTube желісіндегі ресми арнасында интерфейстің жұмыс істеу принципімен таныстырып, организмге имплантатты енгізу технологиясы туралы сөз қозғайды, сондай-ақ, бүгінде төрт пациентке сынақ жүргізіліп жатқанын жеткізген.

0 пікір
Мұрағат