Нейропротез сал болып қалған науқастың тіл қатуына мүмкіндік тудырды (видео)
Нейропротез сал болып қалған науқастың тіл қатуына мүмкіндік тудырды (видео)
3 жыл бұрын 2479 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде күн сайын, жыл сайын талай адам жазатайым оқиғадан, майып болудан, инсульттен немесе өзге де аурулардың салдарынан сал болып, сөйлеу қабілетінен айырылып, тілдесуден қалады. Осыны ескерген Сан-Францискодағы Калифорния университетінің (UCSF) ғалымдары мүмкіндігі шектеулі жанға тілдесуге мүмкіндік беретін «сөйлеуге арналған нейропротез» жасады: мидағы импульсты толыққанды сөйлемге айналдыруға мүмкіндік беріп, оны компьютер мониторингісіне шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұл нейро протезді UCSF ғалымдары профессор  Эдуард Шанганың жетекшілігімен 10 жыл бойы жасады. Бұл тарапта жүргізілген сынақ тәжірибесі сәтті аяқталды. Тілден қалған адамдармен тілдесу үшін әрбір әріп бойынша сөзді теретін сигналдар пайдаланылатын әдеттегі әдістерден бөлек Чанга әдіснамасында дыбыс дүйесінің бұлшық еттерін басқаруға арналған сигналдарды толық сөзге айналдыратын тәсіл қолданылады. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқан, инсульт алып, тілден қалған 30 жастағы жігітке аталмыш тәсіл қолданылып көрді. Қазіргі уақытта пациент экранда қорында 50 сөз бар сөздікті пайдалана отырып, сөйлем құрай алады ми импулстарын кодтау минутына 18 сөзге дейінгі жылдамдықпен жүзеге асады (дәлдігі - 93%): Қазіргі уақытта ғалымдар пациенттің сөздік қорын ұлғайтуға әрі ми импульстарын кодталу жылдамдығын арттыруға күш салып жатыр.

0 пікір
Мұрағат