Нейрондар регенерациясын бұғаттайтын ген табылды...
Нейрондар регенерациясын бұғаттайтын ген табылды...
4 жыл бұрын 4033 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар орталы жүйке жүйесі жасушаларының қалпына келудегі әлсіздіктің себебін тапты әрі осының негізінде глаукомадан (Суқараңғы (глаукома) – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы – Уикипдеия) зардап шегетін тышқанның генін редакциялау арқылы дертінен айықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы linkinghub.elsevier.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жетістік өз кезегінде регенерацияны зерттеудің жаңа парағын ашуға көмектеседі. Мидан жарақат алғанда немесе омырқаға зақым келгенде орталық жүйке жүйесінің жасушалары да зардап шегеді, осының кесіріненорганизмнің толық қалпына келу мүмкіндігі шектеледі. Ал жеңіл жарақат алғанда периферилік жүйкенің (жүйке жүйесінің ми мен жұлыннан тас бөлігі. Ол орталық жүйке жүйесін дене мүшелерімен байланыстыратын бас сүйек және жұлын жүйкесінен, сонымен қатар, вегетативті жүйке жүйесінің нервтері мен өрімдерінен тұрады) регенерациялық қабілеті жоғары болып келеді. Ғалымдар бірнеше ондаған жылдар бойы: «Орталық жүйке жүйесі жасушаларының арасындағы аксондар инсульттен кейін, жұлынның немесе бас сүйегі мен ми жарақатынан кейін неге қалпына келе алмайды?» деген сауалға бас қатырып, бұл тарапта жатпай-тұрмай ізденді. Йел медицина мектебінің ғалымдары орталық жүйке жүйесінің жасушаларындағы аксондардың регенерациясын басып тастайтын 40 генді анықтай алған. Бұл гендердің бірін редакциялау арқылы глаукомадан зақымдалған тышқанның көз жүйкесіндегі аксондарды қалпына келтіруге қол жеткізді. Мидағы нейрон қыртысындағы нейрондардан табылған 400 геннің әрбір оныншысының орталық жүйке жүйесінің жасушаларындағы аксондар регенерациясына тікелей қатысы бар болып шықты. Ал жоғарыда айтып өткеніміздей, редакцияланған 40 геннің бірі иммундық жүйенің реттеуге жауапты, ол интерлейкин-22 (Il22) деген атпен белгілі. Ғалымдар анықтағандай, аталған иммундық генді жою өз кезегінде нейрондар регенерациясына қатысты ген экспрессиясының өзгеруіне ықпал еткен - осылайша глаукомадан зардап шеккен тышқанның аксондарын қалпына келуіне әсерін тигізген. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Стивен Стритматтердің айтуынша, алдағы уақытта жүргізілетін зерттеу жұмыстары осынау 40 генді өзгертудің немесе бұғаттаудың инсульт пен ми немесе жұлын жарақатынан кейін нейрондардың қалпына келуіне қалай әсер ететінін білуге бағытталатын болады.

Ұқсас материал:

"Тірі нейрондар компьютер микрочипіне енгізіледі" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/tiri-neirondar-kompyuter-mikrochipine-engiziledi-14809/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат