Нейрологтар жасанды зерде арқылы адамның ойын оқуды меңгерді (видео)
|
Нейробиологтер миды сканерлеу тәсілімен және жасанды зерде көмегімен адам ойын оқуды меңгерді. Бұл жайында islam.kz порталы sciencenews.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тұрғыда мұндай технология имплантсыз жұмыс істейді әрі хирургиялық тәсілді қажет етпейді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында тәжірибе жүргізілген үш адам магнитті-резонанстық томография аппаратының ішінде 16 сағат жатты. Әңгіме тыңдағанда ғалымдар олардың миындағы қан ағынындағы өзгерістерді қадағалады. Осының нәтижесінде алынған деректер негізінде нейробиологтер мидағы белсенділіктің моделін белгілі бір сөздермен немесе ойлармен салыстырып көрді. Бұл үшін жасанды зердені пайдаланды. Содан кейін ғалымдар олар тыңдаған оқиға желісін кері оқу үшін тәжірибеге қатысушылардың миын сканерледі. Нәтижесінде олар мәтінді сөзбе-сөз қайталай алмады, есесіне жалпы мағынасы мен негізгі бейнелерді дәл берді. Адам ойын оқу технологиясы біртіндеп жетілдіріліп келеді. Түрлі жолдармен. Десе де адамның жеке басының өміріне қол сұғумен бірдей әрекет болғандықтан мұндай технологияға сақтықпен қарау керектігін алға тартады ғалымдар. Әйтсе де бұл технологияның пайдасыз жақтары да жоқ емес: сөйлеу қабілетінен айырылған мылқау жандармен тілдесуде, өзге біреу жазықсыз жапа шекпесі үшін шынайы қылмыскерді анықтауда көп көмегін тигізбек.
Ұқсас материалдар:
«Жаңа имплант адам ойын оқып, сөздерді мәтінге айналдырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-implant-adam-oiyn-oqyp-sozderdi-matinge-ainaldyrady-17723/#gsc.tab=0);
«Ми-компьютер интерфейсіне жалғанған AR-гарнитура адамның не ойлап отырған «айтып бере алады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mi-kompyuter-interfeisine-jalgangan-ar-garnitura-adamnyn-ne-oilap-otyrgan-aityp-bere-alady-video-16055/#gsc.tab=0);
«Сарбаздардың ойын оқу технологиясы жасалмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/sarbazdardyn-oiyn-oqu-tehnologiyasy-jasalmaq-11996/#gsc.tab=0);
«Адам ойын оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасалды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/adam-oiyn-oquga-mumkindik-beretin-bagdarlama-jasaldy-1033/#gsc.tab=0)