NASA алтын астероидқа қонатын болды. Ондағы алтынның құны $10 мың квадриллион долларға тең.
NASA алтын астероидқа қонатын болды. Ондағы алтынның құны $10 мың квадриллион долларға тең.
1 жыл бұрын 7933 Фото: iStock.com

АҚШ-тың ғарыш агенттігі (NASA) үстіміздегі жылдың қазан айында қымбат металдардан тұратын Pysche-16  астероидына миссия жіберетін болды - деп хабарлайды шетелдік интернет басылымдары.

Марс пен Юпитердің арасында орналасқан және Күнді айналып жүретін астероидта құны 10 квадриллион долларқа татитын темір, никель және алтын бар деп есептеледі. 

Жер планетасынан 400 миллион шақырым қашықтықта орналасқан астероидқа биылғы жылдың 5-ші қазанында SpaceX компаниясына тиесілі Falcon Heavy зымыранын ұшыру көзделіп отыр. Миссияның мақсаты - астероидтағы шахталардың құрылымын зерттеу және оның жердегі металдармен ұқсастығын анықтау болмақ. 

Жоспар бойынша ғарыш кемесі 2022 жылдың тамызында ұшырылып, ол Psyche-16-ға 2026 жылы жетуі керек еді. Алайда кейбір техникалық кедергілер себепті келесі жылға (2023) ауыстырылған болатын. Биылғы жылдың қазан айында ұшырылатын ғарыш зымыраны астероидқа 2029 жылдың тамызында жетеді деп жоспарлануда. 

Астероидтағы алтын және платиноидтардың көлемі, шамамен, 110 миллиард тоннаны құрайды.

islam.kz

0 пікір
Мұрағат