Нанотехнология көмегімен металл қар түйіршіктері жасалды
Нанотехнология көмегімен металл қар түйіршіктері жасалды
2 жыл бұрын 1943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия мен Жаңа Зеландия ғалымдары нанотехнологияны қолдана отырып, металл қар түйіршіктерін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болашақта бұл жаңалық өз кезегінде берік және жеңілірек материалдарды жасауға мүмкіндік береді, қоршаған ортаны тазартуға көмектеседі немесе инновациялық электрониканы шығаруға септігін тигізеді. Металл нанокристалдарын қалыптастыру үшін Жаңа Зеландия мен австралиялық ғалымдар галлимен тәжірибе жасап, жартылай өткізгіштерде қолданылатын жұмсақ, күміс металды бөлме температурасында сұйытқан. Бұл тарапта ғалымдар никел, мыс, мырыш, қалайы, платина, висмут, күміс және алюминимен жұмыс істеді. Содан кейін металдар галиде жоғары температурада балқытылған. Салқындағаннан кейін металл кристалдары (текшелер, таяқшалар және алтыбұрышты тақталар түрінде ұсынылған) пайда болды, ал галлий сұйық күйінде қалды. Бұл әртүрлі металдар мен сұйық галидің атомдық құрылымдарының өзара әрекеттесуіне байланысты болған. Мамандардың айтуынша, материалды кесу арқылы жоғарыдан төменге бағытталған әдістерден айырмашылығы - бұл әдіс атомдардың өздігінен жиналуына негізделген.

0 пікір
Мұрағат