Найзағайдың темпертурасы анықталды
Найзағайдың темпертурасы анықталды
29 күн бұрын 690 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Табиғаттың сырын ішіне бүккен құбылыстарының бірі – найзағайдың ең басты құпияларының бірі белгілі болды. Ондағы температура Күннің беткі жағындағы температурадан бірнеше есе асып түседі. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзат найзағайды ежелден зерттеп келеді. Тек таяуда ғана оның температурасын өлшеудің орайы келген. Мұны алғаш рет қытай ғалымдары жүзеге асыра алған. Зертханада жасанды разрядтарды зерттей келе қытай ғалымдары осындай қорытынды жасап отыр. Әдетте бірде-бір термометр төзбейтін немесе шыдас бермейтін мұндай температураны қытай ғалымдары қалай білген? Найзағай жарқылымен көрініс беретін құбылыс – оның жарқылы ішкі заряд температурасына байланысты өрбиді, яғни, температура неғұрлым жоғары болса, жарқылы да соғұрлым жарық болмақ. Осы заңдылықты ескерген қытай ғалымдары жарық қарқынын түрлі толқында өлшеп көріп, температурасын есептеп шығарды. Бұдан бөлек, Бұл тараптағы тәжірибе барысында олар ток күші мен разряд сәтіндегі найзағай температурасы арасындағы байланыстың логарифмдік заңмен де байланысты болатынын анықтай алған. Осылайша, найзағайдың 1-ден 10 кА амперге дейінгі температура айырмашылығын біле отырып, біз разряд температурасын 10-нан 100 кА-ға дейін есептей аламыз. Қытай ғалымдарының бұл зерттеу әдісі мен нәтижесі әлемдік ғылыми қауымдастықтың нзарын өзіне аударды. Найзағайдың температурасы 30 000 К-ге жетуі мүмкін екені белгілі болды, бұл шама Күн бетінің температурасынан (шамамен 5772 К) бірнеше есе асып түседі! Іс жүзінде найзағай температурасы туралы білімнің пайдасы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, шын мәнінде, зарядтың ішінде болып жатқан процестерді түсіну ғалымдарға болашақта найзағайды дәлірек болжауға көмектеседі, сондай-ақ бұл білімді найзағай мен найзағайдан қорғаудың басқа технологияларын әзірлеуде қолдануға көмектеседі.

Научный сотрудник в лаборатории в спецодежде

0 пікір
Мұрағат