Мұздың еруін жасанды жолмен тежеу тәсілі табылды
Мұздың еруін жасанды жолмен тежеу тәсілі табылды
2 жыл бұрын 1165 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылым академиясының мәліметі бойынша қытайлық зерттеушілер әртүрлі жабын материалдарының әсерін бағалау арқылы мұздықтардың еруін жасанды түрде азайтуда елеулі жетістікке қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Remote Sensing мерзімді басылымы мен Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылдың маусымы мен тамызы аралығында жүргізілген зерттеуде академияның Солтүстік-Батыс Экология және ресурстар институтының (NIER) ғалымдары мұздықтардың еру қарқынын үш түрлі жабу материалы астында бағалау үшін екі жоғары деңгейдегі цифрлық биіктік моделін біріктірді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, арнайы қорғауға алынған аумақтардағы мұздақтар салмағының жоғалуы қорғалмаған аудандардағы мұздақтарға қарағанда 32%-ға кем болған. Наноталшықты материал бұл тараптағы тәжірибеде қолданылған екі геотекстилге қарағанда жоғары альбедо (Альбедо (көне лат. albedo — ақ) — дене бетінің өзіне түскен электр магниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама – Уикипедия электронды энциклопедиядан) көрсетті. Жаһандық жылынуға байланысты ірі тұшшы су қоры әрі қайнар көзі болып табылатын мұздақтардың еруінен әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп, жағалаудағы елдімекендер су астында қалып қана қоймай, сонымен қатар, тұшшы су қоры азайып, ауызсу тапшылығын тудырады. Климат дағдарысымен тікелей байланысты төніп келе жатқан бұл апаттың алдын алу үшін ғалымдар бұл тарапта жатпай-тұрмай ізденіп, өз зерттеу тұжырымдарын ұсынуда. Мұздықтар жаһандық жылыну жағдайында жылдам және маңызды өзгерістерге ұшырайтын негізгі географиялық нысандардың бірі.

Ұқсас материалдар:

«Мұсылман еліндегі өзгеше мұздаққа жойылу қаупі төнді» (https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-elindegi-ozgeshe-muzdaqqa-joiylu-qaupi-tondi-16568/#gsc.tab=0);

«Жердің шындығында қанша мұздан айырылатынын ғалымдар көрнекі құралдармен көрсетіп берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jerdin-shyndygynda-qansha-muzdan-aiyrylatynyn-galymdar-korneki-quraldarmen-korsetip-berdi-video-15986/#gsc.tab=0);

«Бір ғана аралдың өзінде екі күнде 16 млрд тонна мұз еріп кетті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-gana-araldyn-ozinde-eki-kunde-16-mlrd-tonna-muz-erip-ketti-video-15557/#gsc.tab=0);

«Осы ғасырдың аяғына дейін қырғыз мұздақтарының 98%-ы еріп жоғалады» (https://islam.kz/kk/news/alem/osy-gasyrdyn-ayagyna-deiin-qyrgyz-muzdaqtarynyn-98-y-erip-jogalady-12712/#gsc.tab=0);

«Аляскіден төнген қауіп...» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alyaskiden-tongen-qauip-11167/#gsc.tab=0);

«Жасанды қар Антарктида мұздағын құтарып қала ала ма» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-qar-antarktida-muzdagyn-qutaryp-qala-ala-ma-12137/#gsc.tab=0);

«Антарктидада жылына шамамен 160 миллиард тонна мұз ериді» (https://islam.kz/kk/news/alem/antarktidada-jylyna-shamamen-160-milliard-tonna-muz-eridi-147/#gsc.tab=0);

«Аса ірі мұздықтың тез еруі қандай апатқа апарып соқтырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/asa-iri-muzdyqtyn-tez-erui-qandai-apatqa-aparyp-soqtyrady-video-10853/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат