Мұсылман әйелдің ғылыми жұмысын әлем мойындады
Мұсылман әйелдің ғылыми жұмысын әлем мойындады
4 жыл бұрын 4952 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Квебек университетінде білім алып жүрген тегі алжирлік Линда Алиан компьютерлік жүйенің жаңа қауіпсіздік моделін ойлап тапты. Дәлірегі, магистр дәрежесін алу аясында Линда Алианның ойлап тапқан, кез келген компьютерлік жүйеге кіруді бақылауға мүмкіндік беретін қауіпсіздік моделі халықаралық деңгейде танылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шариғат шәлісін жамылған ізденімпаз ғалымның ғылымдағы жетістігі тек аталған жаңалықпен шектеліп қалмайды, бұрын Science Direct платформасында жарияланған ғылыми мақаласы желілер мен коммуникацияны болашақта дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда мараптталған болатын. Бұдан бөлек, Линда Алианның ғылыми мақалалары халықаралық беделі жоғары Springer Journal of Ambient Intelligence және Humanized Computing ғылыми мерзімді басылымдарды да жарық көрген еді. HoBAC аббревиатурасымен берілетін модел кез келген компьютерлік жүйенің сандық белсенділігін рұқсатсыз кіруден сақтауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат