Мұсылман әйел инфекциямен күресуде тиімділігі аса жоғары құрал ойлап тапты (фото)
Мұсылман әйел инфекциямен күресуде тиімділігі аса жоғары құрал ойлап тапты (фото)
5 жыл бұрын 3734 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тегі араб, Кувейт тумасы, екі баланың анасы атанған... Фатима аз-Захра әл-Атракши есімді нанотехнолог мұсылман әйел бактериялардың "тілін" түсінуге мүмкіндік беретін құрал ойлап тапты. Бұл медициналық ноу-хау антибиотикке төзімділікті тежеп ұстауға әрі санаулы секунд, яғни, 30 секунд ішінде ауруды тап басып анықтауға көмектеседі. 2018 жылы Даниядағы техникалық университет оған физика және нанотехнология бойынша ғылым докторы атағын берген болатын. Біз сөз етіп отырған ғалым әйел  иммундық жүйесі әлсіреген адамның бойынан Pseudomonas aeruginosa бактериясынан пайда болатын инфекцияны қолданыстағы әдіс-тәсілдерге қарағанда әлдеқайда жылдам анықтауға мүмкіндік беретін датчик ойлап тапты. Осы жаңалығы үшін ол 2017 жылдың қараша айында 30 жасқа дейінгілер арасында топ жарып, Лундбек ғылыми-зерттеу қоры тағайындайтын бес марапаттың бірін жеңіп алды. Осыдан кейін ол өзінің ғылыми зерттеуін жалғастыру әрі жетілдіру үшін "Диагностикадан бұрын" деп аталатын компаниясын ашты. Оның аталмыш жаңалығы ендігі жерде көптеген ауруларды анықтауда кеңінен қолданылатын болады. Оның ашқан жаңалығының ерекшелігі мен артықшылығы сонда, ол инфекцияның тура мағынасында адам ағзасына дендеп енуінің алдын алуға көмектеседі. Сөз орайы келгенде мына жайттың астын сызып тұрып айта кету керек, соңғы уақытта антибиотикке деген инфекцияның төзімділігі артып келеді. Бұған көп жағдайда диагнозды дәл анықтау үшін көп уақыттың кететіндігі себеп болып жатады. Ауруы асқынғаннан кейін ғана барып, тиісті дәр-дәрмек тағайындалып, емдеу шаралары белгіленіп жатады. Диагнозды кешіктіріп анықтау өз кезегінде аурумен күресу тиімділігіне кері әсер етеді. Өйткені, антибиотиктердің түрі көп. Оның қайсысын қолдану диагноз анықталғаннан кейін шешіледі. 

ÐÑÑÑлÑманка ÑазÑабоÑала ÑÑÑекÑивное ÑÑедÑÑво боÑÑÐ±Ñ Ñ Ð¸Ð½ÑекÑиÑми

докÑÐ¾Ñ Ð¤Ð°Ñима Ðз-ÐаÑÑа ÐлÑ-ÐÑÑакÑи

докÑÐ¾Ñ Ð¤Ð°Ñима Ðз-ÐаÑÑа ÐлÑ-ÐÑÑакÑи

докÑÐ¾Ñ Ð¤Ð°Ñима Ðз-ÐаÑÑа ÐлÑ-ÐÑÑакÑи

0 пікір
Мұрағат