Мүйізде, тырнақта, ұлу қабығында, тасбақа сауытында, құстың тұмсығында, тісте өсудің математикалық өсу формуласы жасырынған
Мүйізде, тырнақта, ұлу қабығында, тасбақа сауытында, құстың тұмсығында, тісте өсудің математикалық өсу формуласы жасырынған
4 жыл бұрын 3407 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Монаша университетінің ғалымдары жануарлар мен құстардың өздерінің салыстырмалы түрде қатты ағзаларын, мәселен, тіс-тырнағын, мүйізін, тұмсығын, панцирін, т.б. қалай өсіретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы bmcbiol.biomedcentral.com ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді.  Жануарлар мен өсімдіктер логарифмті спирал тәрізді белгілі бір схема бойынша өседі. Мұндай жағдайда тұрақты арақатынастағы құрылымның бір жағы екінші жағына қарағанда шапшаң өседі, осыдан барып спирал пайда болады. Бұл тың зерттеуде ғалымдар «қуат каскады» деп аталатын ашық ереже туралы жазыпты: формула форманың белгілі бір сатылық (дәрежелік десе де болады) заңы бойынша біртіндеп жіңішкере беретініне негізделген. Тістің ұзындығы мен ені логарифтері арасында тікелей байланыс бар. Біз сөз етіп отырған бұл моделдің жануарлардың көбісіне ғана тән емес, сонымен қатар, адамға да жат еместігі айтылады. Монаша университетінің биология ғылымы мектебінің өкілі Алистер Эванстың айтуынша, бұл сатылық (дәрежелік) заң тырнаққа да, мүйізге де, ұлу қабыршығына да, құс тұмсығына да тән болып келеді. Бұлардан бөлек, лимон ағашы мен раушан ағашының тікенектерінен де байқалған. Яғни, өсімдікке де аталған формула тән болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат