Мөлшерден артық қант тою сезімімен байланысты жүйке тізбегін «істен шығарады»
Мөлшерден артық қант тою сезімімен байланысты жүйке тізбегін «істен шығарады»
5 жыл бұрын 3003 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз де жақсы білесіздер, құрамында қанты көп тағам мен сусынды шамадан артық тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізетінін. Тәттінің денсаулыққа тигізер теріс әсерін зерттеген ғалымдар тәтті жеміс-жидекке үйір шыбынға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде шектен тыс тұтынылған қанттың тою сезімін реттейтін маңызды жүйке тізбегін «істен шығаратынына» көз жеткізген. Әлбетте, адам мен шыбынның тамақтану әдеті бөлек, дегенмен ұқсас жерлері де жоқ емес. Осынау қанатты жәндіктің көптеген гені адамдікіне ұқсас болғаны адамға пайдалы көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылуына септігін тигізіп келеді. Дәлірегі, шыбынның дәм сезуге жауапты нейрон тізбегі адамдікіне ұқсас келеді. Шыбынның нейрон тізбегі де мидың «қанығу» жүйесінде маңызды рөл  ойнайтын  дофамин нейромедиаторын қамтиды. Белгілі болғандай, жәндіктің құрамында қанты көп тәттілермен қоректенгенде дофаминергиялық нейронның белсенділігін басып тастайды. Аталмыш зерттеуді одан ары жалғастырған ғалымдар тәжірибедегі шыбынның нейронына кәдімгі шыбындікі секілді деңгейде  белсендіретін молекуланы енгізіп көреді. Екеуі де белсендірілген кезде қантты көп тұтынатын шыбынның бір печеньеге эквивалентті болатын тәттіні ғана қанағат тұтқан. Тіпті, оған артығымен ұсынса да. Ал «белсендіру» әсерін тигізбеген шыбын бірнеше сағат бойы тәттіден бас алмаған.

0 пікір
Мұрағат