Миға қан кетудің алдын алатын микроробот жасалды
Миға қан кетудің алдын алатын микроробот жасалды
2 жыл бұрын 1683 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар магнитті өріспен басқарылатын микророботтар көмегімен өздігінен тазаратын кататер арқылы миға қан кетуді емдеудің пайдасын дәлелдей алды. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Хиу» Хиоуон биомедицина инженериясы бойынша Уелден мектебінің Пердиу университетінің профессоры Ли инсульт кезінде миды жиналып қалған қанды жоятын, магнитпен басқарылатын миикроаспап ойлап тапты. Бұл тараптағы тәжірибе барысында жеті доңыздың алтауының миындағы қанды сәтті кетірген. Хиу Ли бұл жаңалықты емделуі қиын инсульт терапиясындағы елеулі жетістік деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта инсультті емдеу стандартына тіндік плазминоген активаторы деп аталатын қан сұйылтқышы жатады, оны кейбір геморрагиялық инсульттерде қолдануға болмайды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Альберт Лидің айтуынша, миына қан құйылған науқастардың өлім-жітімі 50 пайызға дейін жетеді. Қазіргі уақытта қарыншаішілік қан кетуді емдеуге арналған оңды терапевтік шешім жоқ. Жалғыз басқа нұсқа – адамға түк қажеті жоқ қауіп-қатері бар тромбты ерітетін дәрілер. Бұл бағытта миикророботтар көмекке келеді. Микророботтар қашықтан магниттік өріс көмегімен белсендіріледі. Имплантацияланған қуат көзі немесе күрделі интегралды схема қажет емес. Магнит өрісінің бағытын өзгерткен кезде құрылғы жанында магниті бар компас инесі сияқты қозғалады.

Microrobot Device Removes Brain Hemorrhages Due To Strokes Or Aneurysms -  Public News Time
 
Microrobot Device Removes Brain Hemorrhages Due to Strokes, Aneurysms -  USMARKETTODAY
0 пікір
Мұрағат