Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
2 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Белгиялық ғалымдар мидан жасушаның жаңа түрін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тамыр өрiмiнiң негiзiнде орналасқан осы «сақшылар» миды инфекциялар мен қабынулардан қосымша қорғайтын. Фландрия биотехнология институты мен Гент университетінің зерттеушілері бұрын белгісіз болған ми жасушаларының популяциясын тапты. Олар патогендердің миға енуіне жол бермей, қорғаныш қызметін атқарады. Ми өз алдына бөлек ағза іспетті. Ми - организмдегі өзге ағзалардан оқшау қамал іспетті. Сондай қорғаныш қабаттарының бірі - бұрыннан белгілі гематоэнцефалитті тосқауыл. Қорғаныстың тағы бір маңызды шегі - жұлын сұйықтығы қалыптасатын тамырлы өрім (choroid plexus). Алайда, осы уақытқа дейін ғалымдар мидың бұл бөлігінің қалай жұмыс істейтінін түсінбей келген еді. Бұл тараптағы зерттеуде авторлар «негізгі кедергі жасушалары» (base barrier cells) деп аталатын жасушалардың жаңа түрін тапқанын тағы естеріңізге сала кетпекпіз. Олар бір-бірімен тығыз түйіспелермен қосылып, герметикалық қабат түзеді. Бұл жасушалар сүзгі рөлін атқарады: олар қаннан жұлын сұйықтығына зиянды заттарды жібермейді. "Біз ми қорғанысының жаңа желісін аштық. Бұл жай ғана анатомиялық бөлшек емес, динамикалық қақпа", - деп мәлімдеді профессор Розмарин Ванденбрук. Дені сау адамда бұл тосқауыл берік келеді. Ал организм ұдайы қабыну кезінде  (мысалы, ауыр инфекция кезінде) мұндай қорғаныстың әлсірейтінін анықтады. Жасушалар әлсіз тартып, патогендерді немесе иммундық жасушаларды ішке жіберіп, мидың өзінде қабыну тудырады. Бұл жаңалық дәрігерлерге неврологиялық ауруларды емдеуде көмектеседі. Енді ғалымдар осы жасушалық кедергіні «нығайту» үшін қажетті дәрі жасауға ден қоймақ.

0 пікір
Мұрағат