Мидағы обырдың негізгі жолын жабатын молекула табылды. Миға енетін қатерлі ісік дәрісі зақымдалған жүйке жасушаларын да қалпына келтіретін болып шықты
|
Биологтер арнайы нанобөлшектер жасады. Нәтижесі ғалымдар күткен межеден де асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мичиган университетінің Родел обыр орталығының ғалымдары ми ісіктерінің негізгі жолын бітеп тастайтын шағын молекуланы тапқанда қатты қуанған болатын. Алайда, олардың қуанышын су сепкендей басқан бір кілтипан: қатерлі ісікке жету үшін ингибиторды қан арқылы миға жеткізу оңай емес. Бірнеше зертханалармен бірлесе отырып, ғалымдар арнайы нанобөлшек жасады. Ол мидың қатерлі ісігінен «айласын асыратын» болып шықты. Бұл бағытта тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында нанобөлшектер ингибиторды қатерлі ісікке жеткізді. Онда препарат қатерлі ісік ауруын жою үшін иммундық жүйені сәтті белсендірген. Бұл процесс иммундық жадыны да іске қосты, осылайша жаңадан пайда болған ісік те жойылды. Бұл жаңа әдіс ми ісіктерін емдеп қана қоймай, соныен қатар, қатерлі ісіктің қайталану (рецидив) ықтималдылығының алдын алуға немесе кешіктіруге мүмкіндік береді. AMD3100 шағын молекулалы ингибитор CXCR12 ақуызыныңң әрекетін бұғаттау үшін әзірленген. Бұл арада глиома жасушаларын шығаратын цитокин турасында сөз болып отыр. Ол иммундық жүйенің айналасында қалқан жасайды, оның ісікке қарсы белсенді әрекетке көшуіне жол бермейді. Ғалымдар тышқандағы глиома моделі арқылы AMD3100 шағын молекуласының CXCR12 ақуызының қатерлі ісіктің дамуын ынталандыратын иммундық миелоидты супрессорлық жасушалармен (MDSC) байланысының алдын алатынын көрсетіп берді. Аталған жасушаларды залалсыздандыру кезінде иммундық жүйе зақымдалмайды әрі қатерлі ісікке қарсы әрекетке көшеді. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін миелоидты супрессорлық жасушаларға (MDSC) аз-кем тоқтала кетпекпіз: «Миелоидты супрессорлық жасушаларға (Myeloid Derived Suppressor Cells, MDSC) соңғы онжылдықта ерекше назар аударылды. MDSC иммуносупрессорлы ісік микроортасының маңызды жасушалық компоненттерінің бірі» - АБДОЛЛА НҰРШАТТЫҢ «СОЗЫЛМАЛЫ ҚАБЫНУДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТӘЖІРИБЕЛІК ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ МИЕЛОИДТЫҚ СУПРЕССОРЛЫҚ ЖАСУШАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ» (PhD диссертациялық жұмыс) еңбегінен – ред.). «Бұл молекуланы миға ешкім енгізе алмады. Бұл шынымен де үлкен кезең, өйткені, глиомамен ауыратын науқастардың нәтижелері соңғы 30 жылда жақсарған жоқ», - деп түсіндіреді Мария Г. Кастро, PhD, RC Schneider Collegiate нейрохирургия профессоры. Мария Г. Кастро ACS Nano журналында жарияланған зерттеудің аға авторы. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері бойынша зардап шегетін науқастардың ғұмырының айтарлықтай ұзарғанына қарамастан глиома ерекше қауіпті ісік болып қала береді: науқастардың тек 5% -ы диагноздан кейін бес жыл өмір сүреді. Глиома қолданыстағы терапияға бой бере бермейтін қауіпті ауру, ал аталған обырдың ортасы иммундық жүйені басып тастайтындықтан жаңа иммундық әдістер тиімсіздік танытып отыр. Бұдан бөлек, гематоэнцефалды кедергіні (мидың қорғаныш қабаты) еңсеру де проблема болып отыр.
Миға енетін қатерлі ісіктің дәрісі зақымдалған жүйке жасушаларын да қалпына келтіретін болып шықты
Бирмингем университетінің ғалымдары қатерлі ісікпен күресу үшін сынақтан өткен, миға енетін препарат жұлын жарақатынан кейін зақымдалған жүйке жасушаларын да қалпына келтіретінін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта жасуша және жануарлар үлгілерін қолдана отырып, ауызша қабылдағанда AZD1390 жүйке жасушаларында ДНҚ-ның зақымдану реакциясын бұғаттайтынын және жүйке регенерациясына ықпал ететінін анықтады. Қазіргі уақытта AstraZeneca-ны АТМ-ға тәуелді сигналды блоктау және ДНҚ қос тізбекті үзілістерін (DSBs) жөндеу үшін AZD1390 зерттеп жатыр. Бұл процедура ісік жасушаларын сәулелік терапияға сезімтал етеді. Профессор Зүбайыр Ахмет пен дәрігер Ричард Таксуорттың пайымдауынша, бұл жүйені тұрақты түрде белсендірсе, жарақаттан кейін жұлынның қалпына келуіне ықпал етеді. Сондықтан, егер сіз жүйені бұғаттайтын болсаңыз, онда жүйке жасушалары тезірек қалпына келмек. «Біздің нәтижелер сенсорлық және моторлық функциялардың қалпына келетінін көрсетеді. AZD1390-мен емделген жануарлар 4 апта ішінде толық қалпына келді», - деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдар.