Ми тініне еніп, пішінін өзгертетіен аса қауіпті саңырауқұлақ табылды
Ми тініне еніп, пішінін өзгертетіен аса қауіпті саңырауқұлақ табылды
2 жыл бұрын 1757 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Cryptococcus neoformans патогенді саңырауқұлағының шын мәнінде денеге енген бойда пішінін (көлемін) өзгертіп, инфекция ықтималдығын арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Host & Microbe мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жабайы табиғатта саңырауқұлақтарды шіріген ағаш немесе құс саңғырығы сияқты түрлі ортадан табуға болады. Өкпеден қан арқылы басқа ағзаларға ауысқаннан кейін ол организмде әмбебап патогенге айналады. Адам ағзасына енгеннен кейін қоздырғыш бірқатар ағзаларды зақымдап, қабынулар тудыруы мүмкін, соның ішінде сирек кездесетін, мидың ісінуімен бірге жүретін, өлімге әкелу қатеррі жоғары саңырауқұлақ менингитіне шалдықтырады. Юта университетінің патологоанаты Джессика Браун аталған саңырауқұлақтың өзінің көлемі пен пішінін біз ойлаған қалыптан да тыс өзгерте алатынын алға тартып отыр. Саңырауқұлақтың өкпеде қалыпты мөлшерінен 10 есеге дейін өсетінін біле тұра ғалымдар белгілі бір өлшемдегі жасушалардың терең қатпарынан  табылғанын анықтауға тырысты. Тұрқы әр түрлі тышқандарға C. neoformans саңырауқұлағын жұқтыру арқылы зерттеушілер ең кішкентай жасушалардың миға де енетінін анықтады. Ғалымдар, сонымен қатар, титтей жасушалардың бетіндегі өзгерістерді және осы саңырауқұлақтарда белсенді болған гендердегі айырмашылықтарды тапты. Зерттеушілер бұл «тұқым жасушалары» саңырауқұлақтың кішігірім нұсқалары ғана емес, мүлдем басқа нәрсе деп болжайды. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесіне сәйкес бұл өзгерістер фосфаттың әсерінен орын алуы мүмкін. Инфекция кезінде тіндер зақымданған жағдайда хост жасушаларынан фосфат бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар, мұндай элемент құс саңғырығында да мол кездеседі. Бұл тетік саңырауқұлақтың пішінін өзгерту қабілетінің катализаторы болып көрінеді, бұл оның жұғу қабілетін арттырып, миға жетуіне көмектесуі мүмкін. Бұл бағытта кеміргіштерге жасалған тәжірибеде саңырауқұлақ жұққан жасушалар бірнеше күн ішінде миға жеткен. Саңырауқұлақтардың түрлі ортаға тез бейімделуі оның бүкіл денеге жаппай таралуына ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат