Ми адамға әлемді 15 секунд кешіктіріп көрсетеді (видео)
|
Біз секунд сайын визуалды (көру арқылы) сансыз ақпарат аламыз: төңірегімізде сәт сайын миллиондаған пішін, түс, сұлба-кескін ұдайы қозғалыста болады, сәт сайын өзгеріп отырады. Өзіміз де қозғалыста боламыз. Бұл мезетте көру ағзасы миға ретсіз ақпараттарды жеткізумен болады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencetimes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның қалай болатынын қолыңыздағы смартфонға айналаңызда болып жатқандардың барлығын түсіріп артынан көргенде түсінесіз: ретсіз, жүйесіз, бұлыңдаған бейнелер, т.б. Егер адам миы нақты уақыт аралығында сәт сайын жаңарып отырса, әлемді осылайша қабылдар едік. Сол себепті, ми картинаны тұрақтандыра алады. Ол бұған визуалды иллюзияны жасау арқылы қол жеткізеді. Дәлірегі, жекелеген «тірі» визуалды фрагменттердің (жұрнақтардың) орнына ми бізге уақыттың әр сәтінде соңғы 15 секундта көрген нәрселердің орташа суретін көрсетеді. Барлық визуалды мәліметтерді осы аралықта ми обьектілердің ұқсастығына арқа сүйей отырып, тұтас бір әсерге айналдырады. Яғни, ми бұл арада уақыт машинасы секілді жұмыс істейді – тұрақтылық илююзиясын қалыптастыру үшін бізді 15 секундқа кері шегіндіреді. Ал өзі физикалық тұрғыдан өзгеріп отыратын обьектілерді көріп тұрса да. Осылайша біз визуалды сансыз ақпараттарды игере аламыз, ой түйеміз, қорытынды жасаймыз. Десе шағын өзгерістер адамның назарынан тыс қалып қояды. Абердин және Калифорния жоғарғы оқу орындары ғалымдарының тұжырымы осындай. Мидың тұрақтандыру тетігінің қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін ғалымдар бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: тәжірибеге өз еркімен қатысқандарға шапшаң қартайған адам бейнесін көрсеткен – видео 30 секундқа созылады. Тәжірибеге қатысқандар видеодағы бейненің қанша жасқа (шамалап болса да) қартайғанын анықтауы тиіс. Тәжірибеге қатысқандардың барлығы қате есептеп, жаңылысқан болатын – олар 15 секундтағы бейнеге сәйкес келетін бейнені атаған. Бұл нені білдіреді ? Бұл нақты уақыт аралығындағы соңғы өзгерісті емес, бұрынғы бет өзгерісті көргенін білдіреді.