Метаматериалдардан жасалған етті табиғи еттен ажырату қиын – видео
|
Аэроғарыш технологиясы жасанды ет өндірісінің шығынын азайтты. Арзан болғанымен мұндай жолмен өндірілген немесе өсірілген еттің құнарлығы мен дәмі табиғи еттен кем түспейді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құдыс қаласындағы Еврей университетінің білікті мамандары экономикалық жағынан тиімді, яғни, үнемді жасанды ет өндірісі үшін метаматериал әзірлеген екен. Мұндай материал арқылы өндірілген еттің өзіндік құны 3D принтерінде басып шығару әдісімен дайындалған еттен әлдеқайда арзанға түседі. Метаматериал — ерекшелігі немесе қасиеті құрамымен емес, құрылымымен анықталатын композиттті материал. Аэроғарыш саласында жиі қолданылатын принциптерді басшылыққа алған ғалымдар бұлшық ет пен майдың күрделі құрылымын қайталайтын (имитациялайтын) еттің нұсқасын жасады. Мұндай етті дайындау технологиясы қысыммен құю немесе қалыптау процесіне негізделген. Мұндай технология негізінде пластмасса өндірісінде қолданылады. Синтетикалық ет екі жаңа метаматериалдан дайындалады: төмен температурадағы бұлшық ет ұлпасының талшықты текстурасын көбейтетін еттің аналогы, ал протеолеогел - жануар майының құрылымдық тұтастығы мен тағамдық ерекшелігін қайталайтын (имитациялайтын) өсімдік ақуызымен байытылған олеогелден тұрады.