Механикалық энергия жинайтын құрылғы пайда болды
Механикалық энергия жинайтын құрылғы пайда болды
2 ай бұрын 1848 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай бүгінде келешегі зор энергия сақтау құрылғыларының сынақ алаңына айналды, олардың арасында жаңадан іске қосылған маховик (Уикипедия электронды энциклопедиядан: Маховик- салмақты делегей немесе тоғыны салмақты сақина; бір қалыпты айналымды қамтамасыз етеді немесе механикалық энергияның жинаушысы. Қозғауыштың маховигі - иінді біліктің айналуын бір қалыпты және шекті нүктеден өтуін қамтамасыз ететін салмақты делегей.[1]) негізіндегі буферлік электр стансасы ерекше. Бірегей жүйе айналмалы маховиктерде кинетикалық энергияны сақтайды, оны бірден дерлік электр энергиясына айналдырады, өйткені, ондағы қозғалтқыш пен генератор бір құрылғыдан тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы pv-magazine.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Энергияны сақтайтын айрықша жобаны қытайдың BC New Energy компаниясы әзірлеген екен. Негізгі инвестор - Shenzhen Energy Group. Құрылғыны Шанси энергетикалық институтымен бірге Shanxi Electric Power Construction Company компаниясының мамандары құрастырды, ал China Energy Construction да электр стансасының құрылысына қатысты. Бұл нысан Dinglun Flywheel Energy Storage Power Station деп аталады. Оны жасауға 340 миллион юан (48 миллион доллар) жұмсалды. 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланғанымен оны тек 2024 жылдың жаз мезгілінің соңына таман іске қосты. Шанси провинциясының Шанжы қаласында орнатылған қондырғының жалпы қуаты 30 МВт-қа жетеді. Ол әрқайсысы 12 бірліктен 10 блокқа бөлінген 120 маховик генераторынан (сақтау қондырғыларынан) тұрады. Әр блоктың деңгейінде өндірілетін энергияның жиілігі тұрақтандырылады. Олардың барлығы кернеуі 110 кВ-ты, яғни, жоғары вольтты желіге қосылған. Қауіпсіздік үшін әрбір маховик қондырғысы жердегі құдыққа жартылай батырылады.  Қондырғы әлемдегі ең қуатты және тұтынушыларға коммуналдық деңгейде қызмет көрсететін жердегі жалғыз жүйеге айналды. Мұндай қондырғы энергияны жинақтау мен тұтыну режимдері арасында өте жылдам ауыса алады; бұл артықшылық энергияны сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар, оны тұтыну мен жинақтауда буфер қызметін атқарады.

0 пікір
Мұрағат