Медицинада жастарға қатысты жаңа диагноз пайда болды
Медицинада жастарға қатысты жаңа диагноз пайда болды
4 жыл бұрын 3028 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда медицина саласына енгізілген жаңа диагноз "пресаркопения" деп аталады. Аталмыш диагноз жастарға тән болып отыр. Мамандағына байланысты ауру жамап алатын жастар қарасы көбейіп келеді. Дәлірегі, мезгілінен бұрын кәсібіне байланысты кәрілікке бой алдырғандардың организімінде қартаю процесі табиғи сипатынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы belnovosti.by ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Әдетте ауыр жұмыс істейтіндер ерте қартаяды деп жатады. Бұл түбірімен қате пікір екенін соңғы зерттеулер растап отыр. Өйткені, ашық аспан астында қара жұмыс істейтіндер ұдайы қимыл-қозғалыс үстінде болғандықтан әрі таза ауада еңбек ететіндіктен сирек сырқаттанады, олардың өмір сүру жасы ұзағырақ болады. Керісінше кеңседен шықпайтын мамандық иелері арасында аталған диагнозға шалдыққандар қарасы көбейіп келеді. Мұндай мамандықтар қатарында редактор, бухгалтер, программист, дәрігер, т.б. жабық ғимараттың ішінде көп қимылдамай отырғандықтан семіздік індетіне, сусамырға, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығып, омыртқаға күш түседі, стресс алады. Организм жаратылысына қайшы режимде көп уақытын өткізетіндіктен дене белсенділігі жоғалып, зат алмасу процесі баяулап, бұлшық ет тонусы төмендеп, ерте қартаяды. 

 

0 пікір
Мұрағат