Масаны өлтіретін бактерия табылды
Масаны өлтіретін бактерия табылды
5 жыл бұрын 2598 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жаңалық өз кезегінде москитке қарсы әлдеқайда тиімді репеллентті жасауға мүмкіндік береді, осылайша тропикалық ауруларды тасымалдайтын масаларды азайтуға септігін тигізеді. Беркли университетінің бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды.

Ауру тарататын масаларды тежеп ұстауда немесе жоюда пайдаланылатын химиялық заттардың дені қоршаған ортаға зиян немесе экологиялық жүйеге залал келтіреді. Бұған қоса, зиянды жәндіктердің инсектицидке төзімділігін арттырады. Ғалымдар анықтағандай, Bacillus thuringiensis israelensis (Bti) бактерия штаммы маса личинкаларын өлтіргенімен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз бірнеше қосындыларды тудырады. Бұл қосынды бактерияның ішінде кристалл түрінде бар – личинка жұтқан микробтан оның ішегіндегі ас қорыту ферменттері мен жоғары pH кристалдың еруіне түрткі болады. Осының нәтижесінде молекулалар қайта құрылымдалып, личинка ішегіндегі жасуша мембранасын зақымдайды.

0 пікір
Мұрағат