Масадан қорғайтын, тиімділігі 95 пайыз қосынды жасалды
|

Мұндай жасанды қорғаныс иммунитке «күш түсірмейді». Мұндай жасанды қорғаныстың артықшылығы да – осында. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Масалар тек ауырсынуды тудыратын тітіркендіргіш жәндіктер ғана емес, сонымен қатар, жұқпалы әррі қауіпті ауруларды тарататын тасымалдаушысы. Осыған байланысты ғалымдар адамды қорғайтын немесе оған келтірілген зиянды мейлінше азайтатын құралдарды жасау жолында ізденеді. Осы мақсатта италиялық зерттеушілер тиімділігі 95 пайыз болатын және сегіз сағатқа дейін адамды масадан қорғайтын, адамға зияны жоқ, атап айтқанда, жиі қолданғанда тітіркендірмейтін репелленттердің жаңа буынын әзірледі. Бұл тарапта ғалымдар репелленттер композицияларының бірнеше нұсқасын жасады - бұл қосылыстар циклдік гидроксиацеталдар деп аталады. Аталмышз ерттеу нәтижесі көрсеткендей, олардың химиялық қасиеттері адам үшін әлдеқайда қауіпсіз, ал масалардың бетін қайтару мүмкіндігі өте жоғары болып шықты.




