Маңызды антибиотик істеп шығаратын құмырсқа табылды
Маңызды антибиотик істеп шығаратын құмырсқа табылды
12 ай бұрын 856 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Maksim Shutov / Unsplash

Ғалымдар инфекция түскен жараны емдеп жазатын химиялық зат бөлетін құмырсқа түрін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құмырсқалардың кейбір түрлері істеп шығаратын химиялық заттардың бактерияға қарсы қасиеттері бұрыннан белгілі. Дегенмен, соңғы зерттеу нәтижелері Сахара шөлінің оңтүстігіндегі Африканың түрлі аймақтарын мекендейтін матабеле құмырсқалары (Megaponera analis) өздерінен бөлінетін химиялық заттарды ұяластары жұқтырған жара түрлерін емдеу үшін белсенді түрде қолданатынын көрсетті. Жолындағысын жайпап кететін термиттерді қорек ететін бұл құмырсқа тобы көрші илеуге жиі шабыл жасаумен аты шыққан. Дегенмен, өз илеуін қызғыштай қорғайтын сарбаз немесе сақшы термиттер басқыншы құмырсқаларды ауыр жарақаттауға қабілетті келеді. Жараланған құмырсқалардың өлу қаупі жоғары болып келеді. Халықаралық ғалымдар тобы құмырсқалар жарақат алған жағдайда олардың денесінің кутикуласының (қатты жабынының) көмірсутекті профилінің өзгеретінін анықтады. Бұл өзгерістерді колониядағы басқа құмырсқалар байқай алады – мұндай жағдайда метаплевралық безден антибиотикті бөліп, төменгі жағының көмегімен жараға жағады. Зертханадағы сынақ нәтижесі көрсеткендей, сұйық антибиотик жарақат алған құмырсқаның өліп кету қаупін 90%-ға дейін төмендетеді. Сондай-ақ, адам бойындағы антибиотиктерге төзімді инфекциялардың бірінен саналатын бактериялардың бір түрі - Pseudomonas aeruginosa да құмырсқалардың секрецияларында кездесетіні анықталып отыр. Ғалымдар мұндай инфекциямен күресу үшін құмырсқалар істеп шығаратын антибиотиктерді медицинада қолдану мүмкіндігін қарастыруда.

0 пікір
Мұрағат