|
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
|
NexFi Technology Inc. (Жапония) компаниясының мамандары ыдырау процесіндегі қиындықтарға байланысты «мәңгілік» деп аталатын PFAS химикаттарын плазма арқылы жоюдың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы The Asahi Shimbun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания кремний карбидінің көмегімен көзді ашып-жұмғанша импульс беретін генератор әзірледі. Бұл технология қозғалыстағы суда шоғырланған плазманы тікелей жасауға мүмкіндік береді. Бірегей технология болашақта мәңгі химикаттармен ластануға қарсы тиімді құрал бола алады. Бұл бағытта зертханада арнайы жүргізілген сынақтар барысында суға екі PFAS - сульфон қышқылы мен перфтороктан қышқылының жоғары концентрациясы қосылды. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, 2,4 сағаттың ішінде бұл заттар қауіпсіз деңгейге дейін ыдыраған. Ал 3 сағаттан кейін олардың ыдырағаны соншалық, олардың ізі де қалмаған. Қазіргі уақытта NexFi PFAS ыдырауы үшін қондырғының жақсартылған нұсқасын жасау үстінде. Болашақта ғалымдар суды ластанудың басқа түрлерінен, мысалы, микропластиктен тазарту үшін осы технологияны қолданбақ.