Мамандар Қытайдан шығатын жаңа киімдерді жуып киюге кеңес берді
Мамандар Қытайдан шығатын жаңа киімдерді жуып киюге кеңес берді
10 жыл бұрын 6674

Baq.kz ақпарат көзінің «The Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, Колумбия университеті Медициналық орталығының дерматологы Дональд Белсито киім-кешектегі химикаттар аллергиялық реакциялардың тууына себеп болуы мүмкін екенін ескертті. Сол себепті, жаңа киімді де кем дегенде бір рет жуып кию керек деген ғалым бұл мәселедегі өз тұжырымын айтты.

Жаңа Зеландияда жүргізілген зерттеу жұмыстары Қытай өндірісі киімдеріндегі зиянды химиялық қосылыстар қалыпты жағдайдан 900 есе асатынын көрсетті. 
Формальдегид - ерекше қауіпті. Бұл түссіз газ матаның умаждалып, мыжылып қалуына жол бермейді, сондай-ақ, киімнің көгеріп, не көк сасып кету қаупін сейілтеді. Бірақ, ол керісінше, адамдарда аллергиялық реакциялардың пайда болуына әсер етеді. Кей ғалымдар мұндай жағдайда қатерлі ісіктің де дамып кетуі мүмкін екенін айтады.

Аллергияны басытқы бояғыштар мен анилин бояғыштары тудыруы мүмкін. Ол көптеген синтетикалық маталарды бояуда қолданылады. 
Алғаш рет жуылған соң бояғыштың бөлшегі матада қалады, сондықтан Дональд Белсито киімді екі рет жууға кеңес береді. 
Бұл, әсіресе, химиялық қосылыстарға аллергиясы бар адамдарға қатысты айтылған кеңес. Бояғыштар денеге тигенде онда дене қызарып, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Негізінен ол бел, мойын, сан және қолтықта шығады.

3 пікір
  • Киімді ғой жууға болады, ал азық-түлікте болған зиянды заттарды не істейміз?
    Кеше Астана-Алматы пойызынды қытайда оқып келген қазақ қызымен сөйлесіп қалдым. Сол сіңлім айтып берді. Азық-түлікте химикат көп, не жейтініңді де білмейсің дейді.
    10 жыл бұрын
  • сол себепті, азық-түлік қауіпсіздігін қолға алу керек
    10 жыл бұрын
  • Жасанды тамақтар, азық-тұліктер ұрпақты зомби ете ме деп қорқатын болдым. Алла сақтасын!
    10 жыл бұрын
Мұрағат